Мазмұны

Кіріспе

1. Оңтүстік Америка материгінің физикалық-географиялық аудандастыру мәселелері.
2. Оңтүстік Американың шығыс аймақтары
Бразилия және Гвиана тау қыраттары
Амазония ойпаты.
Ориноко және Ішкі жазықтары.
Патагония.

3. Анд таулары.
Солтүстік Анд.
Экваторлық Анд.
Субтропиктік Анд.
Патагониялық Анд.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиет тізімі.

              Кіріспе

    Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне материктің еңсіз бөлігі ғана кіреді.

Оңтүстік Американың енді жері (5000км-ден астам) 50 о.е. –те. Материктің ең батыстағы нүктесі – Париньяс мүйісі (810 20 б.б. ), ең шығыстағысы – Кабу-Бранку мүйісі (340 46′ б.б.), 40 с.е. – тен оңтүстікке қарай материктің ені 600 км-ден аспайды.

Оңтүстік Америка солтүстікте 120 25′ с.е. дейін (Гальинас мүйісі), оңтүстікте 530 54′ о.е. дейін (Магеллан бұғазындағы Фроуорд мүйісі) жетеді. Отты жер архипелагының қиыр оңтүстік нүктесі – осы аттас аралдағы Горн мүйісі – 550  59′ о.е.-те жатыр.

Солтүстік Америка мен аралдағы географиялық шекара Кариб теңізіндегі Дарьен шығанағынан Тынық мұхиттағы Буэнавентура шығанағына дейінгі аралықта өтеді. Панама мойнағы екі материктік арасындағы шекара деп шартты түрде есептеледі.

Оңтүстік Америка төңірегінде аралдар біршама аз. Оның жағалауына таяу жатқан материктік ірі аралдар – Тринидад. Чили, Отты Жер, Фолкленд аралдары. Мұхиттық аралдардан оңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан – Фернандес аралдары жатады. Оңтүстік Американың жер көлемі оған тиісті аралдарымен қоса есептегенде шамамен 17850 мың км2 . Оның 150 мың км –і ғана аралдарға тиесілі.

Экватор тұсында Оңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстік Пассат ағысы келеді. Сан – Роки мүйісі тұсында ол екі тармаққа бөлінеді, тармақтың біреуі Гвиана ағысы деген атпен материктің жағасын бойлап солтүстік – батысқа Антиль аралдарына қарай, ал екіншісі – Бразилия ағысы оңтүстік – батысқа Ла –Платаның сағасына қарай ағады.

Материктің оңтүстік –шығыс жағалауы тұсында Фолкленд салқын ағысы өтеді. Бразилия және Фолкленд ағыстары 40 градус және 35 градус о.е. аралығында Ла –Плата ауданында тоғысады.

Атлант мұхиты жағалауында құрлыққа ішкерілеп еніп жатқан ірі шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстік – шығыста Патагонияның жағасына жарты шеңбер тәріздес Сан – Матиас, Сан – Хорхе ірі қойнаулары т. б. еніп жатады. Парана өзені құятын жерде жаға Ла – Платаның кең әрі ұзын эстуарийімен тілімденген. Одан солтүстікке қарай Оңтүстік Америка жағалауына терең және кеме тұруға қолайлы шағын қойнайлар кіріп жатады. Аса ірі өзен сағаларында, әсіресе Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.

Кариб теңізі жағалауындағы біраз ірі түбек қолайлы шығанақтарды бөліп тұрады.Солтүстікте Пария шығанағы мен осы аттас түбек, солтүстік – батысымен шығысынан Гуахира және Парагуана түбектері оқшаулап тұратын ең ірі шығанақ – Венесуэла шығанағы ерекше көзге түседі.Панама мойнағы етегінен теңізге қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетеді.

Тынық мұхиттың Оңтүстік Америка жағасы тұсында континенттік платформа өте енсіз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Материкке таяу маңда ең тереңі 7000 м– ден асатын терең мұхиттық шұңғымалар өңірі жатыр.Жылы ағыстардың әсері экватордың солтүстік жағында сезіледі, ал Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының қалған өн бойында күшті Перу салқын ағысының әсері байқалады, оның салқын суы оңтүстіктен экваторға дейін ұласып жатады.

Материктің солтүстік – батыс жағалауы шамамен 50 о.е. дейін өте тілімденіп кеткен.Ең ірі және қолайлы қойнау – Гуаякиль.Оңтүстікке қарай 300 о.е. дейін жаға мүлдем тілімденбеген, биік және кеме қатынасына қолайсыз.Дегенмен, Тынық мұхит жағалауының ең оңтүстік бөлігі тілімденіп кеткен және оны бойлай  Чили мен Отты Жер архипелагтарын құрайтын көптеген ірілі – ұсақты аралда жатыр. Материктің жағалауында ішкерілей кіріп жатқан шығанақтар мен жеке аралдарды бөліп тұратын бұғаздар ирелең келеді әрі енсіз болады. Бұған Корковадо мен Пеньяс ірі шығанақтары, сондай – ақ материктен Отты Жер архипелагын бөлетін Магеллан бұғазы мысал бола алады.

  Курстық жұмыс / 38 бет


You must be logged in to leave a reply.