Мазмұны

Кіріспе…………3

І – тарау    Бразилия  Республикасының    табиғи  жағдайы  мен  ресурстары,  халқы

І.1  Табиғат   ресурстары   мен   жағдайлары…………4

І.2  Табиғат  ресурсы……………………… 6

1.3. Халқы……………….8

ІІ – тарау    Шаруашылықтың    жалпы   сипаты   мен    даму  ерекшеліктері

ІІ.1  Шаруашылығының    даму    ерекшеліктері………….9

ІІ.2 Өнеркәсібі…………………………12

ІІ.3  Ауыл  шаруашылығы…………………….19

ІІІ –  тарау    Сыртқы   экономикалық   байланыстар   мен   ішкі  айырмашылығы.

ІІІ.1  Сыртқы   экономикалық   байланыстар…………..23

ІІІ.2  Ішкі айырмашылығы………………24

Қорытынды……………….26

Пайдаланған  әдебиеттер

Кіріспе

     Латын    Америкасы   деп   АҚШ   пен   Антарктида    аралығында  орналасқан    Батыс   жарты    шардағы   ауданды   айтады. Оған  Мексика, Орталық    Америка   елдері, Вест –  Индия   және  Оңтүстік  Америка   кіреді. Мексика, Орталық    Америка   және  Вест – Индияны  кейде  Мезоамерика   субауданына   біріктіреді  ( Орталық  Америка ). Оңтүстік  Америкада   екі  субауданды  ажыратады: Анд  елдері – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, боливия,  Чили  және  Ла- Плата  елдері  немесе  атланттық  — Аргентина, Уругвай,  Парагвай, Бразилия. Соңғы  субауданда  алғашқы  үш  елді   Чилимен  қоса  жиі   Оңтүстік  конус   субауданына   біріктіреді.

«Латын    Америка»   түсінігі   дүниенің   осы   бөлігіндегі    Пиреней   түбегінің    роман    халықтары   испандықтардың   және   португалдықтардың   тілі, мәдениеті   мен    дәстүрінің    ықпалымен   тарихи  қалыптасқан  ұғым. Олар   16 – 17   ғасырларда    Американың    осы   бөлігін   жаулап  алып, оны  отарлады   және  осында   қалыптасқан    ұлттардың   маңызды   бөлігін   құрады.  Европаның    басқа    елдерінің   —  Ұлыбритания, Франция, Нидерландының    отарлау    жаулап  алушылықтары  көп  болған  жоқ  және   кем   басталған,  сәйкесінше   оның   халықтарының   ұлттық  әсері  айтарлықтай   көп  емес.  Қазіргі   таңда   Латын    Америкасының  33  саяси  лербес  мемлекеттерінің    18-  інде  ресми   және  басым  тіл – испан тілі  ( халықтың   63% ); Бразилияда    ( халықтың   34% ) – португал, ал   14   кішігірім    елдерде    ( халықтың   3%  )   ресми    тіл   болып   француз   тілі   ( Гаити )   жарияланған,  ағылшын   Гайана, Тринидад-и Тобаго, Барбадос, Ямайка , Багам    аралдары  , Гренада, Доминика, Сент  —  Люсия, Сент- Винсент  және  Гренадин, Сент- Кристофер   және  Невис, Антигуа   и Барбуда,  Белиз  және   голланд тілі  суринамда. Соңғы  жылдары   Вест-Индияның   көлемді      емес    жерлері   тәуелсіздік  алуына  байланысты    және  Белиз, Гайана, Суринам    « Кариб   елдері »   географиялық   субауданына   біріктіріліп  жүр. Ал    барлық   аймақ   БҰҰ- ның  номенклатурасында    «  Латын  Америкасы   және  Кариб  елдері » деп  аталады. Алайда  ресми  құжаттардан   тысқары  бұл   аймақты  ескі  дәстүр  бойынша   Латын    Америкасы   деп   атайды.

ІІ д.ж.с   кейінге  отарлау    жүйесінің  күйреуі    Латын   Америкасы  елдеріне  де   әсер  етті. Куба   халқы   1959  жылдың   қаңтар   айында    қарулы  жолмен  тәуелсіздігін алды, Ұлыбританияның   көптеген   отарлары   да  егемендікке  жетті.  Латын    Америкасындағы   демократиялық    қозғалыстардың     нығаюына    Никарагуалықтардың   1979  жылы  Самос    әулетінің    құлатуы   зор  маңызы  болды.  АҚШ   алдында    басып  алған   жерлерді    басқаруын    жалғастырып  келеді: Пуэрто – Рико  ( АҚШ – қа  өз еркімен   қосылған   мемлекет  деп   жарияланған ), Панама   каналының    аймағы, Виргин аралдары. Олар   өз   қолдарына   әскери   жүйені  ұстап отыр, соның   ішінде   Кубаның   территориясынндағы   Гуантаманы.

курстық жұмыс / 26 бет


You must be logged in to leave a reply.