Мазмұны

1. Кіріспе……2
2. Негізгі бөлім…….4
Трансформаторлар……4
Трансформатордың жұмыс істеу режимдері. Трансформатордың бос жүріс режимі……7
Трансформаторды пайдаланудағы және сыртқы сипаттамалары……9
Үшфазалы трансформатордың түрлері….10
Түзеткіштер……..12
Бірфазды көпірлік сұлба……15
Трансформаторлар мен тізбектерге арналған есептер……17
3. Қорытынды………20
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..21

Кіріспе

Электротехниканың теориялық негіздері барлық электротехникалық салалар мен бір-бірімен байланысты.

Курстық жұмысымның тақырыбы — «Трансформаторлармен тізбектер» болып табылады.

Мақсатым – трансформаторлар мен тізбектер жайлы жалпы толық мағлұмат беру.

Негізінде трансформаторлар дегеніміз — (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токтың жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансфор-матордың жұмыс істеу принципі электро-магниттік индукция құбылысына және параметрлік эффектіге негізделген. Негізгі элементтері магнит-өткізгіш және онда орналасқан бірінші реттік орамалар (БРО) мен бір немесе бірнеше екінші реттік орамалардан (ЕРО) тұрады. Трансформатордың барлық орамалары бір-бірімен индуктивті түрде, ортақ магнит өрісімен байланысқан. Бірқатар Трансформаторларда екінші реттік орама қызметін бірінші реттік ораманың бір бөлігі атқарады, мұндай Трансформаторларды автотрансформаторлар деп атайды. Бірінші реттік орамаларның шықпаларын (Трансформатордың кірісі) айнымалы кернеу көзіне, ал Екінші реттік орамаларның шықпаларын жүктемеге қосады.

 Курстық жұмыс / 21 бет


You must be logged in to leave a reply.