КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалану – бүгінгі күн талабы
2 Жел энергиясы
3 Күн энергиясы
4 Биоотын
5 Атом энергетикасы
6 Жерасты ыстық су, бу қорлары
7 Су энергетикасы

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікі­рінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылы­нып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл – құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикі­заттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр. Барған сайын адамзат үшін аса үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясы өндірудің негізгі көзі – көмірсутегі шикізатына балама табу мәселелері былтырғы жылы өткен 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемдегі өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан бұл салада Қазақстан энерге­тикасы мамандарының алдында тұрған міндет ұшан-теңіз.

Адам саны 7 миллиардқа жеткен әлемде энергетика сұранысы да артып отыр. Бірақ әдеттегі энергетиканың басты кейіпкерлері мұнай, көмір, табиғи газ сияқты қазынды энергетика көздері әрі шектеулі, әрі қымбат және қоршаған ортаны ластайды. Осы себепті жаһандық ысыну басым болып отырған ғаламшарымызда таусылмайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, жаңартыла алатын энергетика көздері күн сайын алға шығып отырады. Атап айтсақ, Еуропа Одағы алдымыздағы 10 жылдың ішінде энергетиканың 20 пайызын жаңартыла алатын энергия көздерінен алуды жоспарлауда.

Жаңартыла алатын энергия көбінесе тікелей немесе жанамалы түрде күннің әсерінен пайда болады. Күннің сәулесі немесе күн энергиясы жылыну және жарық мақсатында тұрғын үйлер мен әртүрлі ғимараттарда тікелей пайдаланылса; электр өндіру, суды жылыту, суыту және әртүрлі сауда мен өнеркәсіптік мақсаттарға жанамалы түрде қолданыла алады.

Қазақстан су, жел, күн энергетикасы сияқты электр қуатын өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы уақытқа дейін ішінара гидроэнергия қуатын пайдаланудан басқа, елімізде бұл бай балама қуат көздері іске қосылған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің жер қойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланғаны болып отырғандығын да жасыруға болмайды.

 РЕФЕРАТ / 13 бет


You must be logged in to leave a reply.