25. декабря 2011 · Комментарии к записи Жетілмеген бәсеке нарық механизмінің модельдері отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Мазмұны
Кіріспе……3

I- бөлім: Жетілмеген бәсеке нарығы: экономикалық мазмұны , ерекшеліктері, құрылымы.
1.1 Бәсеке және монополия.Мазмұны мен ерекшеліктері..4-8
1.2 Монополиялық бәсекелес нарықтың құрылымы…………..9
1.3 Жетілмеген бәсеке………………………………………………….10-12

II-бөлім:Жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Фирманың пайданы молайту әрекеті…13-15
2.2 Жетілмеген бәсеке нарығында жарнама мен тауарды өткізудің маңызы…….16
2.3 Жетілмеген бәсеке нарығында фирманың өніміне сұраныс және жалпы табыс…….17-18

III-бөлім Жетілмеген бәсеке нарығының артықшылықтары мен кемшіліктері.
3.1 Жетілмеген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшілігі……….19-20
3.2 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы:Жұмысбастылық және еңбекақы…………..21
3.3 Қорытынды………..22

Пайдаланылған әдебиеттер………….23

Кіріспе

         Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бірі-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.

Әр түрлі, бірі-бірінен ерекше тауарлар ұсынатын фирмалар нарықта азды-көпті билік орнатады. Сонымен қатар монополиялардың ұсынатын тауарлары қаншама ерекше болғанымен, бірін-бірі алмастыра алады. Сондықтан осы нарықта ұсынылатын тауарларға сұраныстың икемділігі жоғары болады.

Жетілмеген бәсекелес нарық таза бәсекелес нарық пен монополиялық нарықтарға қарағанда күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сондықтан жетілмеген нарықтағы монополистердің өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдерін талдау мен түсінудің маңызы зор.

Жетілмеген бәсеке нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек кезеседі. Көп жағдайда жетілмеген бәсеке нарығын жергілікті нарықтардан кездестіруге болады.  Жақын алмастырушысы жоқ тауарлар мен қызметтер де өте сирек кездеседі. Жетілмеген бәсеке нарығы ,таза бәсекелі нарық сияқты шекті жағдайға жатады. Нақты нарықтық құрылымдар осы екі нарықтың ортасында болады. Соған қарамастан, таза монополия моделін талдау нарықта өзінің билігін орнатқан фирмалардың қабылдайтын шешімдерін зерттеуге, оған әсер ететін факторларды анықтауға, олардың қызметтерін мемлекет тарапынан реттеудің себебі мен мақсатын түсінуге көмектеседі.

Монополияның түрлері оның пайда болу себептеріне байланысты.

 Курстық жұмыс / 24 бет


Comments closed.