26. декабря 2011 · Комментарии к записи Жер кадастрінің теориялық негіздері отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Мазмұны:
Кіріспе

1. Жер кадастрінің теориялық негіздері
1.1 Жер кадастрі туралы түсінік
1.2. Қазақстан Республикасындағы Жер реформасы
1.3 Қазақстан Республикасында жер кадастрының міндеттері және сипаттамасы

2. Жер кадастры
2.1. Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері
2.2 Жер кадастрының принциптері

3. Шаруа қожалықтары
3.1 Шаруа қожалықтарының құқықтық және кәсіпкерлік даму негіздері……………
3.2 Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 15 наурызына берілген Заңының мәтіні

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кеңес Одағынан кейінгі кезеңде, яғни Қазақстан егемендігінің 10 жылдығынан кейін шаруа (фермер) қожалықтарының жер иеленуі ауыл шаруашылығына арналған жерлердің үштен бірін алды (2002 ж). Көптеген шаруалар демократиялық жолмен экономикалық бостандық алды. Мыңдаған адамдар өз қалауымен миллиондаған гектар жерлерде шаруашылықтарын жүргізуде. Бұл — елдің әлеуметтік өмірі, экономикасы мен саясатындағы өте маңызды құбылыс.

Шаруа (фермер) қожалықтары — өзінің жеке меншігіндегі немесе жалға алынған мүлік пен жер учаскесі негізінде ауыл шаруашылығының өнімдерін өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын дербес жан ұялық бірлестік.

Алғашқы шаруа қожалықтарын КОКП райкомдарының тапсырмасы бойынша совхоз директорлары құрды.

Шаруа (фермер) қожалық секторының қалыптасуы едәуір тез жүрді. 1991 жылдан 2001 жылдар аралығындағы 10 жылда шаруа (фермер) қожалықтар саны 2480-нен 122425-ке дейін, яғни 50 есе, ал шаруа (фермер) қожалықтар жері 1,6 млн-нан 30,6 млн. га. дейін, яғни 19 есе өскен.

2001 жылы шаруа (фермер) қожалықтар үлесі ҚР-ның ауыл шаруашылыққа арналған жер көлемінің 33,7 %, ал 2002 жылы 36,6 %-н құрады.

Қазақстан — ірі мемлекет, оның табиғи және экономикалық жағдайлары әртүрлі. Сондықтан шаруа қожалықтарының дамуы да әркелкі қалыптасады. Кей жерлерде олар көптеп шоғырланса, енді бір жерлерде сирек орналасқан, көлем жағынан да әртүрлі, әртүрлі мамандандырылған, және т.б. Бүкіл Қазақстан 5 географиялық аймаққа бөлінеді: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс.

Жер иеленудің жалпы саны ішінен шаруа (фермер) кожалықтарының үлесі Қазақстанның барлық аймақтарында басымырақ болып келеді және орта есеппен алғанда Солтүстік Қазақстанда — 88%, Батыс Қазақстанда — 88%, Орталықта — 92%, Оңтүстікте — 93%, Шығыс Қазақстанда — 95% құрайды. Ал ауылшаруашылығына арналған жер көлемі мен шаруа (фермер) қожалықтары көлемі үлестерінің бір-бірінен айырмашылығы көбірек. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан бойынша — 24%, Батыс Қазақстанда — 27%, Орталықта — 60%, Оңтүстік Қазақстанда — 14%, Шығыста 54%. Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының орташа көлемі мен Қазақстан аймақтарындағы заңды тұлғалардың мемлекеттік емес ауыл шаруашылығының орташа көлемі арасында да айырмашылық көп. Бұл көрсеткіштердің шамасы: Солтүстік Қазақстанда — 422 және 9680 га, Батыста — 1130 және 20700 га, Орталық Қазақстанда — 1710 және 13000 га, Оңтүстікте — 78 және 6520, ал Шығыста — 451 және 7371 га.

Шаруа (фермер) қожалықтары бір-бірінен жер пайдалану мөлшерімен, жерлердің құнарлығымен, ауыл шаруашылыққа тигізетін пайдасымен, мамандандырылуымен, және т.б. мен ерекшеленеді.

   Диплом жұмысы / 117 бет


Comments closed.