26. декабря 2011 · Комментарии к записи Халықаралық сауда және сауда саясаты отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ….2

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯЛАРЫ……..4
1.1. Халықаралық сауданың классикалық теориялары……..4
1.2. Халықаралық саудадағы ортақ тепе-теңдіктер…….11
1.3. Халықаралық сауданының альтернативті теориялары….12

2. САУДА САЯСАТЫ……15
2.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары……..15
2.2. Сауда саясатының жасырын әдістері………20
2.3. Сыртқы және халықаралық сауда саясаты..21
2.4. Сыртқы сауда саясатының құралдары………..22
2.5. Халықаралық сауда ұйымы………..24

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ… 28
3.1. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлі……..28
3.2. ҚР халықаралық саудадағы болашақ орны ….33

ҚОРЫТЫНДЫ………37
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…39

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономиканың қатынастарға түсімді жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан- жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде рөлі зор. Әлемдік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады. Сыртқы сауда тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және таурады басқа елдерден әкелуден импорттан құрылады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда баланысы болады. Егер экспортталатын тауардың құны импортталатын тауардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда баланысына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда баланысының жай – күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белегілі мағанада сол ел экономикасы жай – күйінің маңызды көрсеткіші.Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау (атап айтқанда: бірлескен өндірістік қызмет, технологиялардың халыкаралық трансферті) халықаралық экономикалық катынастардың жетекші формасы болып саналады.Біздің пікіріміз бойынша әлемдік сауданың ролі өте жоғары. Қандайда бір елдің экономикасы дамуы ол елдің сыртқы саудасына байланысты. Ешқандайда ел өзі жеке бөлек болып күшті экономика құралмайды. Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардын, жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр. Халықаралық сауда — әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық революцияның өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді. Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы-әлемдік нарықты құрайды.

 Бұл курстық жұмыстың мақсаты – халықаралық сауда мен сауда сясатын мәнін талдау және Қазақстанның әлемдегі саудадағы орны мен рөлін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстан Республикасының сыртқы саудағы мәнін ашу оның түрлерін зерттеу, ҚР сыртқы сауданың толық мазмұнын қарастыру.

— Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары;

— Сауда саясаты және жүзеге асыру құралдары;

— Қазақстанның халықаралық саудадағы орны;

— Қазақстанның халыақаралық саудадағы болашақ орны және   рөлі.

 Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттен тұрады.

 Курстық жұмыс / 40 бет


Comments closed.