26. декабря 2011 · Комментарии к записи Халықаралық сауда теориялары отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…….3

1. Қазіргі нарықтық экономикадағы халықаралық сауда…………5
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда теориялары……6
1.2. Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы……..13
1.3. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы……..15

2. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі……19
2.1. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы….19
2.2. Қазақстан Республикасының экспорттық және импорттық көрсеткіштері…….23
2.3. Қазақстан Республикасының БСҰ-на кіру мәселесі……26
2.4. Қазақстан «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша көрсеткіштері….27

Қорытынды……30
Пайдаланылған әдебиеттер……..32

Кіріспе

Әлемдік  экономикадағы  құрылымдық  өзгерістер  жаһандану  процесінің белсенділігіне  қолайлы  жағдайлар туғызды, ол елдердің дамуына әсер етуші  факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне  және  осы  мемлекеттердің ұлттық  үлесінің  қысқарып,  ұлтаралық  үлестің өсуіне алып келді.

Тауарды   толық   тұтынушыларға  жеткізуге  кететін  көптеген шығын түрлерінің жиынтығын айналыстағы  өндірістің қосымша шығындары  дейміз. Капитализмде  сауданың   3 түрі   бар: көтерме, бөлшек  және   сыртқы  сауда. Сауда  капиталистері  тауарларды тікелей  тұтынушыларға,  халыққа   сатады. Бөлшек  сауда — дегеніміз осы. Бір капиталистердің басқа капиталистерге тауарларды қол көлемде сатып  өткізуін  көтерме   сауда   деп   айтамыз.

Капитализмде  сыртқы  сауда  ерекше   рөлін атқарады. Келешекте  бұл  тенденция үдей түседі. Шет  елдерге  шығарылған тауарлар экспорт,  әкелінген тауарлар импорт деп аталынады. Экспорт   көлемі    импорттан    асып  түссе  сауда  балансы   активті,   ал импорт   экспорттан  басым болса сауда  балансы пассивті болғаны. Қазір,  әсіресе  келешекте  ел   тағдырын  шешетін   күштердің   бірі — әлемдік  нарық.

Халықаралық  экономикалық  қатынастар түрінің  ең  дамыған  түрі  сауда  болғандықтан,  барлық экономикалық  қатынастардың  80%-на  жуығын  сауда  құрайды.  Халықаралық  сауданың  қарқынды  дамуымен  сипатталатын  қазіргі  заманғы  халықаралық экономикалық  қатынастар  ұлттық  экономиканы  дамыту  мәселесіне  көптеген  өзгерістер  енгізуде. Сол себепті бұл курстық жұмысымды жазу барысында алға қойған мақсатым халықаралық сауданың теорияларын зерттеу және Қазақстанның халықаралық саудамен байланысын зерттеу боп отыр.

Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.

Көптеген жағдайларда, халықаралық саудаға екі ел емес, әр елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.

Алға қойған мақсатқа жетуде келесідей міндеттер қойылады:

  1. Халықаралық сауданың мәнін анықтау;
  2. Халықаралық сауда дамуы жөніндегі классикалық теорияларын зерттеу:
  3. Халықаралық сауданың түрлері мен құрылымын қарастыру;
  4. Халықаралық сауда ұйымдарын анықтау;
  5. Қазақстанның осы халықаралық сауда ұйымдарына кіру мәселесін анықтау;
  6. Қазақстанның сыртқы сауда айналымын, экспорт және импорт көрсеткіштерін және «Халықаралық» сауда индикаторы бойынша көрсеткіштерін анықтау.

Бұл жұмыстың құрылымы 2 тарау, 7 тақырыпшадан және қорытынды бөлімнен тұрады.

Бірінші тарауда, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда теориялары, дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы, Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ГАТТ) және Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) қарастырылады.

Екінші тарауда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы, экспорттық және импорттық көрсеткіштері және Қазақстан Республикасының БСҰ-на кіру мәселесі, сонымен қатар «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша көрсеткіштері қарастырылып отыр.

Сонымен, халықаралық сауда – әр түрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықарлық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әр түрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Нәтижесінде өндіріс пен ғылыми техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

 Курстық жұмыс / 32 бет


Comments closed.