Жоспар

Кіріспе
1 Сұраныс пен ұсыныс теорияларының негіздері 6
1.1 Сұраныс заңы. Сұраныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі 6
1.2 Ұсыныс заңы. Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі

2 Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті және нарықтық тепе-теңдік 10
2.1 Нарықтық тепе – теңдік 10
2.2 Сұраныс пен ұсыныс икемділігі 12
2.3 Ұсыныс пен сұраныстың нарықтық экономиканы талдаудағы рөлі 15

Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер 21

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық  дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл — ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. [3]

Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың  иелері де  т.б. кіреді.

Сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың  керекті тауарларға төлей алатынг ақша солмасы. Ұсыныс дегеніміз  берілген  бағада  сатуға  арналған  тауардың  саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн  төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы  тербеулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе–теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың теп–теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.

Рыноктағы  тепе–теңдікті орнататын  экономикалық  құралдар  болады. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту  қажеттігін анықтау технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатын да алдын ала анықтайды.

Әрбір кәсіпкердің  мақсаты  пайданы  барынша  ұлғайту, сондықтан  да, шаруашылық қызметінің  көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы  жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне  әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде  көрінеді. Егер  қандайда  бір тауардың  ұсыныс сұранысынан көп болса,  онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың  әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын  төмендетуге  жиі барады, ал ол  өз кезегінде осы  тауарды  өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан  көп болса, онда бір–бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды  алу мүмкіндігіне ие болу үшін,  әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда  жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты  ұлғайтады.

Тақырыптың өзектілігі. Сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып,оларға әсер ететін факторларды талдау. Нарық моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды әрі қарай дамыту. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептерін түсіндіру.

Курстық жұмыстың мақсаты- бір-бірімен бәсекелес  көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-  Сұраныс пен ұсыныс ұғымдарына теориялық сипаттама беру;

- Нарықтық тепе-теңдікті, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетін анықтау;

-  Ұсыныс пен сұраныстың нарықтық экономикадағы рөлін талдау.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні-сұраныс пен ұсыныстың белгілі бір факторлардың әсерінен өзгерісін,икемділігін анықтау,нарықтық тепе-теңдікке жету жолдарын талдау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде микроэкономикалық теориядағы сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық  маңыздылығы алынған.

Мен «Нарықтық жүйе:сұраныс пен ұсыныс» атты курстық жұмысымда еліміздің экономикалық өсу барысындағы сұраныс пен ұсыныстың қажеттілігін, байланысын және пайдалылығын қарастырамын.

 Курстық жұмыс / 22 бет



Comments closed.