ЖОСПАР

КІРІСПЕ…….3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……5
1.1. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының мәні, түрлері және құрылымдық ерекшеліктері……5
1.2. Қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері…..10

2. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ…15
2.1. «ҚазМұнайГаз – Консалтинг ЖШС ұйымдық – экономикалық сипаттамасы……15
2.2. «ҚазМұнайГаз – Консалтинг қаржылық ресурстарының өсу динамикасын талдау……20
2.3. Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды талдау және кәсіпорын қаржыларының қалыптасу мен пайдаланудың көкейкесті мәселелері..24

3. ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ…..32
3.1. Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды жоғарлатудың негізгі бағыттары…..32
3.2. Қаржылық ресурстарды басқаруды жетілдіру жолдары……35

ҚОРЫТЫНДЫ……..39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………41

КІРІСПЕ 

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткіздік. Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді. Шаруашылық субъектілерінің орталықтандырылған жүйеден тәуелділігі экономикалық тұрғыдан негізсіз болды. Кәсіпорындар нарық талаптарына сәйкес дербестікке қол жеткізе бастады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанң халыққа Жолдауында: «Экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқаруң керектігін баса көрсетті /1, б.6/. Бұл осыған дейінгі ауыр да, қиын кезеңдерден Қазақстанның үлкен жеңіспен шыққандығын және осы қалыптан таймай, оны ары қарай қарқынды дамыту керектігін білдіретін сөздер. Өйткені, Қазақстанның қазіргі жағдайы Орталық Азия мен ТМД елдерінің арасында саяси тұрақты, экономикалық дамудағы көрсеткіштерді білдіріп тұр. Әлбетте, жетістікке жету салыстырмалы түрде алғанда оңай болғанымен, оны ұстап тұру және ары қарай дамыту өте қиын іс екені белгілі. Осы реттен қарағанда Елбасының саяси-экономикалық көзқарастары да осы жылғы жолдауда негізінен әлеуметтік секторға назар аударудан басталды.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржылық ресурстарын тиімді қалыптастыра білуінде. Яғни, ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін талдау мәселесі аз зерттелген, осы тұрғыдан келгенде зерттеу тақырыбының өзектілігі объективті. Ұлттық экономикалық жүйенің нарық жағдайындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастырудың ғылыми теориясы мен практикасы, нақты кәсіпорын мысалында («ҚазМұнайГаз — Консалтинг ЖШС).

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпорында қаржылық ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеп бағалау болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды қалыптастырудың жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік базасы мен негізгі нышандарын айқындау курстық жұмыстың мақсаты және де осы тақырыпқа сәйкес бірнеше міндеттер алға қойылып отыр:

—         кәсіпорынды қаржылық ресурстары мәселесінің ғылыми-теориялық негізін зерттеу және қаржылық ресурстарды  басқару жағдайындағы кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыруды талдау;

—         шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;

—         нақты субъекті мысалында қаржылық ресурстарын қалыптастырудың талдау және кәсіпорындарды қаржылық ресурстарын қалыптастыруды басқару жұмыстарының басымдылықтары мен жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу жұмысының объектісі ретінде барлық дерлік қазақстандық кәсіпорындар секілді нарықтық экономикада консалтингтік қызмет көрсету саласындағы компаниялардың бірі болып табылатын «ҚазМұнайГаз — Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Зерттеу жұмысының субъектісі ретінде ғылыми зерттеуді жүргізген курстықант пен оның ғылыми жетекшісін, өндірістік тәжірибеден өту ісі бойынша жетекшісін атаймыз.

Тақырыптың зерттеліну дәрежесі. Кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыру мәселелері біздің тәжірибемізде нарықтық экономикаға көшумен байланысты болғанымен, ол экономикалық ғылымға бұрыннан танымал мәселе. Сондықтан, тақырыптың зерттелу дәрежесін экономикалық ғылымның классикалық өкілдерінің еңбектерінен бастап қазірге дейінгілерді толықтай атай аламыз. Бұл мәселе, шетелдік ғалымдар Ю. Бригхем, Ван Хорн Дж.К, К.Уоми, еңбектерінде, ресейлік И.Т.Балабанов, А.Д.Шеремет, М.Н.Голикова жұмыстарында, отандық М.М. Мухамбеков, К.Ш. Дүйсенбаев, В.Л.Назарова, т.б. еңбектерінде қаралған.

Курстық жұмыстың әдістемелік базасы. Зерттеу жұмысының даярлау барысында экономикалық ғылымға танымал ғылыми әдістермен қатар шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған әдебиеттерден, Үкімет пен министрлік-ведомостволық заңды-нормативтік құжаттар, статистикалық-аналитикалық мәліметтер, бұқаралық-ақпарат құралдары мен интернет желісінің материалдары пайдаланылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы үш тараудан, сегіз бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім ғылыми жұмыстар жазу тәртібіне сәйкес рәсімделген.

 Курстық жұмыс / 42 бет


You must be logged in to leave a reply.