Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Шағын кәсіпкерліктің мәні мен ерекшеліктері
1.1. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны мен маңызы
1.2. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы және оның рөлі

2. Шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылық жағдайын талдау («Сұлтан» ЖШС мысалында )
2.1. «Сұлтан» ЖШС даму тарихы және қызметі
2.2. «Сұлтан» ЖШС қаржылық жағдайы

3. Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары
3.1. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау
3.2. Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр.                 Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.

Шаруашылық субъектілерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету шаруашылық қызметін экономикалық тұрғыдан сауатты басқаруды талап етеді, ал ол өз кезегінде шаруашылық қызметін талдаумен тығыз байланысты. Экономикалық талдау көмегімен кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оған әсер етуші факторлардың даму тенденциясы, өзгеру себептері жан-жақты терең талданады, басқарушылық жоспарлары мен шешімдері негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады.

Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты шағын кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; -қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа тәуелділігі; -инфрақұрылымның нашар дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы. Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады.Шағын кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс көлемінің деңгейін де анықтайды. Әлеуметтік  жағынан да функциясы – жаңа қосымша жұмыс орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылығын көрсетеді. Сондықтан, шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару  мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады.

Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді.

Курстық жұмыстың мақсаты — қазіргі жағдайдағы шағын  кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.

Міндеттері:

—   шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;

—   Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;

—   шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі  және қорытынды деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде шағын кәсіпкерліктің мәні туралы сөз қозғадым.Екінші бөлімімді «Сұлтан» ЖШС –нің қаржылық жағдайына арнадым. Ал үшінші бөлімде  Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары қарастырылған.

   Курстық жұмыс / 38 бет


You must be logged in to leave a reply.