26. декабря 2011 · Комментарии к записи Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Жоспар:

Кіріспе.

І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері
1.1. Сақтандыру ұғымы, мақсаты және рөльдері
1.2. Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы
1.3. Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы

ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
2.1. Сақтандыру нарығы
2.2 . Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру
2.3. Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары болады.

Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі-халық өздерінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына мүмкіндіктің бар болуы, сонымен бірге өмірін, денсаулығын сақтандыруына да болады. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсіп келеді.

Бұл курстық жұмыста-теория жүзінде қаралатын тақырыптар:

1)   Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары;

2)   Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы;

3)   Сақтандыру шартының мазмұны мен қолданылуы;

Ал, зертханада:

1)   Сақтандыру нарығы;

2)   Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру;

3)   Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары.

Әр қайсысына қысқаша тоқталып өтсек:

Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Мақсаты-қоғамның, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау. Сақтандыру функциялары:

1)   бөлу;

2)   өтемдік;

3)   жинақтық;

4)   бақылау.

Ең маңыздылары: бөлу және бақылау.

Бөлу функциясы: қайта бөлу ретінде көрінеді. Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдырып, сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру түрлері:

Міндеттілік дәрежесі бойынша:

1)   ерікті;

2)   міндетті

Сақтандыру объектісі бойынша:

1)   жеке;

2)   мүліктік.

Сақтандыру өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша:

1)   жинақтаушы;

2)   жинақтаушы емес.

Сақтанушы-белгілі бір қажеттіліктерді қажет ететін тұлға.

Сақтандырушы-сол қажеттіліктерді қанағаттандырушы тұлға немесе ұйым. Сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын келісім-шарт деп аталады. Шартта: сақтандыру түрі, объектісі, төлем мерзімі, сомасы, тәртібі және т.б. белгіленеді.

Сақтық нарығы дегеніміз-ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасының сақтық нарығына қатысушылары:

1)   сақтық ұйымы;

2)   сақтық брокері;

3)   сақтық агенті;

4)   сақтанушы,

5)   сақтандырушы;

6)   пайда алушы;

7)   актуарий;

8)   уәкілетті аудиторлық ұйым;

9)   өзара сақтандыру қоғамы

жатады.

Сақтандыру нарығының масштабы 3-ке бөлінеді:

1)   ұлттық;

2)   аймақтық;

3)   халықаралық.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру-азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы.

Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыруды салыстырсақ, Қазақстан дамушы, ал Жапония дамыған елдер қатарына жатады. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының саны қазіргі таңда  36 болса, ал Жапонияда тек Иогама портында  сақтандыру компанияларының саны  240. Қазақстан сақтандыру компаниялары Жапония сақтандыру компанияларын үлгі тұтады. Болашақта Қазақстан Республикасы Жапония мемлекеті сияқты экономикасы дамыған ел болады деген үміт бар.

Сақтандыру жауапкершілігі-жеке және заңды тұлғалардың алдындағы жауапкершілік.Сақтандыру  жауапкершілігінің мақсаты-күтпеген жағдай болғандағы сақтандыру қауіпсіздігі. Сақтандыру жауапкершілігі арқылы адамдардың денсаулығына, мүлігіне зиян келген жағдайда заңның күші немесе соттың шешімі арқылы сәйкес төлемдер төленеді. Қазақстан Республикасында қолданылатын жауапкершілік түрлері:

1.автотранспорт басшыларының азаматтық-құқықтық сақтандыру жауапкершілігі;

2.тасымалдаушының азаматтық сақтандыру жауапкершілігі;

3.шаруашылық және мамандық тұрғыда 3-ші жаққа тигізілген кері әсерді сақтандыру жауапкершілігі;

4.заң жүзінде жұмыс берушінің сақтандыру жауапкершілігі;

5.несиелік тәуекелді сақтандыру;

6.жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтандыру жауапкершілігі;

7.экологиялық сақтандыру.

Сақтандыру мәселелері:

1.құнсызданудың пайда болуы;

2.адал емес адамдар;

3.инфляция

және т.б.

Бұл мәселелер шешілуі үшін сақтандырушы компания кез-келген жағдайларда шартта көрсетілген жағдайды орындауы тиіс. Сонымен бірге, әрбір адам өз ісіне жауапты болуы керек.

 Курстық жұмыс / 35 бет


Comments closed.