Мазмұны
Кіріспе … 3

1. ҚХР-ның экономикасын реформалаудың теор ялық аспектілері .. 5
1.1 Қытай экономикалық реформасының басталуы және оның кезеңдері . 5
1.2 Экономикалық реформа бағыттары мен механизмдері ….. 11
1.3 Меншік қатынастарының өзгеруі …… 20

2. Реформа нәтижелері мен Қытай экономикасының қазіргі жағдайы . 25
2.1 Экономикалық реформа нәтижелері ….. 25
2.2 Қытай экономикасының қазіргі проблемалары … 38

3. Қытайдың әлемдік экономикаға әсері … 47
3.1 ҚХР-сының әлемдік экономикадағы экономикалық көшбасшылығының қалыптасуы ….47
3.2 ҚХР-ң Қазақстандағы мүдделері …… 54

Қорытынды … 61

Әдебиеттер тізімі … 63

Кіріспе

Халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін, жер көлемі жағынан әлемде үшінші орын алатын Қытай елі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты.

Қытайдың экономикалық дамуы мен оның әлемдік экономикадағы орнын көптеген ғалымдар зерттеген. Қытай еліне Ресей, Қазақстан экономисттері қызығушылық танытуда. Ұсынылып отырған жұмыста Қытайдың Хайнань университетінің экономика ғылымдарының докторы Хуан Дингуй, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдары Ван. Лолинь, Вэй Хоукайдың мақалалары қолданылды. Сондай-ақ Ресейдің экономика ғылымдары докторы Владислав Иноземцев, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің профессоры А.С.Селищев сияқты ғалымдар Қытай экономикасының мәселелерімен айналысқан. Дегенмен, Қытай экономикасының дамуы жөнінде ғалымдар бір шешімге келе алмай отыр, экономикалық жетістіктердің себептері әр түрлі етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Қытай экономикасының дамуының Қазақстан үшін қандай әсері бар екендігін біздің ғалымдар терең қарастырмайды.

Ал біздің ел үшін әлемдік нарыққа ену кезінде әрі көрші, әрі серіктес, әрі бәсекелес болып келетін Қытай сияқты алып мемлекеттің экономикасының  даму ерекшеліктерін зерттеу аса маңызды болып келеді. Қытай халық республикасы дүние жүзілік сауда ұйымына 2001 жылы мүше болған. Қазақстан Республикасының осы ұйымға мүше болуға үлкен дайындық жасап жатқандығы белгілі. Осыған орай, әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған Қазақстан үшін, Қытай сияқты көршіміздің экономикалық дамуын білу өте қажет.

Ұсынылып отырған жұмыстың басты мақсаты, Қытай Халық Республикасының экономикалық дамуының ерекшеліктерін зерттеу.

Аталған мақсатқа байланысты келесідей міндеттер бар:

  • Қытай экономикалық реформасының кезеңдерін зерттеп, сараптама жүргізу. Жұмыста негізінен 1978 жылдан кейінгі реформаларға көп көңіл бөлінген, оған себеп осы кезде Қытай экономикасын алға тартқан Қытай ерекшеліктеріне сай социализм құру бағытының бастау алуы.
  • Реформаның қазіргі нәтижелерін қарастыру.
  •  Қытай елінің қазіргі таңдағы басты мәселелеріне талдау жасау.
  • Қытай елінің қазіргі әлемдік экономикадағы көшбасшы ел болу мүмкіндіктерін бағалау
  • Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастарды қарастырып, Қытай елінің біздің елімізге танытып отырған қызығушылықтарын анықтау.

Ұсынылған жұмыстың жазылуы барысында статистикалық мәліметтер және оқулықтармен қатар, интернеттегі сараптамалық сайттардан алынған мәліметтер, газеттер мен журналдардағы мақалалар қолданылды. Сондай-ақ Қытай елінің экономикалық даму көрсеткіштерін сипаттаған кестелер де енгізілген.

 Дипломдық жұмыс / 65 бет


You must be logged in to leave a reply.