26. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстандағы нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Жоспар

Кіріспе………..3

І бөлім. Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1. Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері………..5
1.2. Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері……9
1.3. Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы…….12

ІІ бөлім. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері
2.1. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы…….14
2.2. Нарықтық құрылымды қалыптастыру және оны қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі…….19
2.3. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу…..24

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы: оның функцияларының даму принциптері
3.1. Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері……….28
3.2. Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі, бағыттары және Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу, даму стратегиясы…31

Қорытынды………….33
Қолданылған әдебиеттер тізімі……….35
Қосымша……….36

Кіріспе

            Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары».

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қосымшадан тұрады.

Курстық жұмыстың мақсаты:  Нарық ұғымын, нарықтың мәнін, ерекшеліктерін, нарықтың пайда болуының шарттарын, қызметтерін, түрлерін, субъектілерін толықтай ашып, нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы, Рыноктық құрылымды қалыптастыру және оны қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі, жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу жөнінде толықтай мәліметтер беру.

Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды:ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру,қалай және кім үшін өндіру керек? ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке  негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде орталықтандырылған,әміршілдік экономикалық пішім,жер – жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де,тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны,гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны,тіпті өзі азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.

Сөйтсе де нарықтық эконоиканың әртүрлі қоғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне қарамастан,осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде қалып отыр.Бұлай болуының бір себебі мынадан нарықтық экономика дегеніміз идеологиялық емес,адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен біртұтас жүйесі.

Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де.

Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор.   Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.

Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.

Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне:тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына;өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін ұлғайтуға,сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру бостандығына,қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу,кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.

Нарық пен демократия дамуға батыл бет бұру – күллі адамзаттық мүдде.

Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты ашық нарықты қалыптастыру – бүгінгі таңда өте актуалды мәселе.Осы тақырыпты таңдау себебім де осында.

Нарықтық экономиканы алғаш рет А.Смит қарастырған.Оның «Халық байлығы» атты еңбегі 1776 жылы шыққан.Смиттің ойынша,ұлттың басты байлығы алтын немесе күміс қорын жинауда емес,ол еңбек түрін атқаратын және нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдар әрекеттерінің нәтижесі.Смиттің пікірінше,нарықтық экономика – көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.

Смиттің нарық туралы ілімі Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған.Оның ілімі бойынша нарық – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы.Нарық шегінде бағалылықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ,ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады;солар үшін қызмет атқарады,қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.

Смит ілімінен шығатын қорытынды:нарықтың тиімділігі және барлық бәсекелестердің өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.

 Курстық жұмыс / 38 бет


Comments closed.