26. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстандағы лизингтің дамуы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

КІРІСПЕ
1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Лизингтің мәні, маңызы және қалыптасуы мен даму тарихы
1.2. Лизинг операцияларының түрлері
1.3. Қазақстандағы лизингтік қатынастардың пайда болуы

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫН «АТФ ЛИЗИНГ» ФИРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ
2.1. Лизингтік төлемдерді есептеу шарттары
2. 2. «АТФ Лизинг» АҚ лизингтік операцияларын талдау
2.3. «АТФ лизинг» АҚ-ң технико-экономикалық көрсеткіші

3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДА ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Лизингтік операцияларды жетілдіру бойынша ұсыныстар
3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Лизингтік келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келесідей банктербар: «Альфа- Лизинг», «Альянс – Лизинг», «АТФ Лизинг», «БТА лизинг», «Нур – инвест», «Темірлизинг», «Халық лизинг», «Центрлизинг».

Қазіргі уақытта лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінде ҚР негізгі капиталының  шамамен 1%-ын құрайды немесе 65 млн. АҚШ доллары.

Дамыған елдерде лизинг үлесінің жалпы инвестиция көлемінде негізгі капиталдың 20-30 %-ын құраса, дамушы елдерде – 5-10 %.Егер лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінен 4 %-ға дейін өссе, онда  жақындағы 3-4 жылда лизингтік нарық көлемі 530 млн. АҚШ долларын құрайды. Берілген фактор Қазақстанда лизингтік дамудың үлкен перспективаларына алып келеді.

Жалпы айтқанда лизингтік саланың дамуы бірнеше бағыттағы экономикалық дамуға жағымды әсер етеді:

  • ·Лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда.
  • ·Лизинг капитал салымдарының көлемін көбейтеді, себебі ол ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болып табылады.
  • ·Лизинг қосымша қаржылық ресурстарды тарту көзі болғандықтан, негізгі құралдарды жаңарту үрдісін жеделдетеді.
  • ·Лизинг қаржылық қызмет нарығында қосымша бәсекелестікті тудырады. Лизингтің пайда болуымен қаржыландыру бағасы төмендейді және қаржылық қызмет көрсету нарығы кеңейеді.
  • ·Лизинг өнімдерді өткізудің бір жолы болып табылады. Лизинг пайда болғаннан кейін жергілікті өндіруші компаниялар үшін өнімдерін өткізудің жаңа жолы ашылды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойды. Олар: жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену, төлемдердің уақытылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарылацынан өткізу нарығының қысқаруы, қаржы ресурстарының шектеулілігі, шикізат материалдарымен жабдықтаушыларды іздеудегі қиындықтар.

Осының ішінде ең басты проблемалардың бірі, негізгі құралдардың физикалық және моралдық тозуы. Қазақстанның басты салаларының құрал жабдықтары тозғандықтан біз шет елден жаңа техниканы алуға мәжбүрліміз. Ал ол үшін бізге қаржы көздерін тапқан жөн.

Осы айтылған мәселелерді тиімді шешу жолы – лизинг [1,б.272].

  Курстық жұмыс / 39 бет


Comments closed.