МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ……….3
1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ……5
1.1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері……..5
1.2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу………12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
2.1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың халахуалының жағдайы …..17
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсүін және қолдану тиімділігін талдау……..22
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері ……27
3.2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары ……33
ҚОРЫТЫНДЫ ………39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …….41

Кіріспе

Тәуелсіздік  алғаннан  кейін Қазақстан Республикасы  тәуелсіз  сыртқы  нарықтарға  шығуға  мүмкіндік  алды. Бірақ,   Қазақстанның  сыртқы  экономикалық  қызметті  жүргізуде  жеткілікті  тәжірибесі  жоқ  және  сондықтан  белгілі  бір  проблемалар  туындайды. Қазақстан  Республикасының  үкіметінің  маңызды  проблемаларының  бірі    шетелдік  инвестицияларды  тиімді  түрде  тарту  мен  бөлу  болып  табылады.  Ең алдымен инвестициялар бұл  экономикалық  маңызды фактор, оның  көмегімен  алдыңғы  қатарлы  технологиялар  меңгеріледі, нарықтардың  отандық  тауарлармен  толуы  жүреді, экспорттық  өнімнің  бәсеке  қабілеттігі  көтеріледі.

         Қазақстан  экономикасының қазіргі дамуында шетелдік инвестициялардың маңыздылығы сөзсіз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуынан бастап шетелдік инвестициялардың көлемі екпінді өсуін байқаймыз. Әлемдік  шаруашылық  дамуының,  қазіргі  деңгейінде шет инвестициялардың  өсуінің  күшеюі  байқалады, оның  қарқыны  халықаралық  сауда  өсуінің  қарқынынан  асып  түседі. Барлық елдер   экономикалық  даму  дәрежесіне  қарамастан  экономикалық  өсімге  жету  үшін  шетел  инветицияларын  тартудың  әдістері  мен  жолдарын  жетілдірумен  айналысады. Сауда  ағымдарының,  шетел   инвестицияларының  ағымдарының  және  технологияның айырбасының либерализациясы  жағдайында  компаниялардың  нарықтағы  күресі  одан  әрі  агресивті  болып  жатыр. Капиталдың  болуы,  иновациялық  қызмет  технологиялармен,   квалификацияланған  адам  ресурстарымен  қамтамассыз  етілуі  және  тиімді  ұйымдастырушылық  және  басқарушылық  практикасы — осы  факторлардың  бәрі  кәсіпорынның  бәсеке  қабілеттігін  қамтамассыз  етуде  маңызды  рол  атқарады  және  сәйкес  макроэкономикалық  жағдайларда  қабылдаушы  елдердің  экономикалық  даму  көрсеткіштерін  жақсартуға  көмектеседі.  Бірақ, көп  ел  инвестиция  алғысы  келетінін және оған деген бәсекенің жоғары деңгейде екендігін  ескеру  керек. Сондықтан да шетел инвестицияларды  тартуды зерттеу  осы таңда өзекті  мәселелердің бірі деп айтуымызға әбден болады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды реттеу: жағдайларымен мәселелері тақырыбын таңдай отырып, курстық жұмысты жазуда келесі мақсат көзделді: шетел инвестициясы, оның ішінде тікелей инвестицияның Қазақстан экономикасындағы атқаратын орнын және мәнін  анықтау.

Осы мақсатқа қол жеткізуде  келесі  мәселелерді шешу қажет:

  • ұлттық экономиканың дамуындағы шетелдік инвестициялардың және олардың нысандарының рөлін анықтау;
  • шетелдік тікелей инвестициялаудың себептерін және экономикалық тиімділігін талдау; шетелдік тікелей инвестицияларды тартудың механизімін қарастыру;
  • Қазақстанға  шетел  инвестицияларын  тартуды  мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына  шетел инвестицияларын тартудың  хал-ахуалының жағдайын сараптау;
  • Қазақстан Республикасындағы  шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау жасау;
  • шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру;
  • шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу.

Курстық жұмыс кіріспеден, ұш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Шетел инвестицияларының мәнін және мазмұнын оның халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлін, даму тенденциаларын  және Қазақстандағы шетел инвестициясының құқықтық аспектілерін зерттеуге жұмыстың бірінші тарауында қол жеткізілмек.

Екінші тарауда шетел инвестициясының оның ішінде тікелей шетел инвестициасының Қазақстан экономикасындағы орнын, көлемін, даму барысын, экономикалық дамуға тигізетін әсерін, сонымен қатар республикадағы тікелей шетел инвестициясын тартудағы және мемлекет тарапынан оларды реттеудегі  шараларды зерттеп талдау мақсаттары шешіледі.

Үшінші тарауда теориалық білімдерді тәжірибелік шындықпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартудағы негізгі мәселелерді айқындау және оны жетілдіру жолдарын іздестіруді көздеу мәселелері қойылмақ.

 Курстық жұмыс / 42 бет


You must be logged in to leave a reply.