МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ …8
1.1 Бухгалтерлік есеп теориясындағы материалды емес активтер……..8
1.2 Кәсіпорындардағы технико-экономикалық көрсеткіштері мен есеп саясаты…..16
1.3 Қазақстан Республикасындағы материалды емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және құрылымын талдау…..20
2 АЛПЕРЕН БУРАК САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІ…24
2.1 Сақтандыру компаниясының материалды емес активтерін тиімді қолдану көрсеткіштері мен жолдары……24
2.2 Кәсіпорындағы материалды емес активтерінің кірістелу және шығысталу есебі……36
2.3 Алперен Бурак сақтандыру компаниясының материалды емес активтерін қолданудың тиімді әдістерін талдауы …..40
3 МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АУДИТІ…48
3.1 Бухгалтерлік есептегі аудит теориясы және матариалды емес активтерді талдау және бағалау есебінің аудиті…48
3.2 Нақты қолда бар материалды емес активтердің кірісін және шығысын, қозғалысын есепке алудың аудиті….54
3.3 Материалды емес активтерге есептелген амортизация есебінің аудиті…..59
3.4 Қазіргі кездегі материалды емес активтерді жетілдірудің тиімді жолдарын қарастыру…..63
ҚОРЫТЫНДЫ…68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..71
ҚОСЫМШЫЛАР…..73

Кіріспе

      Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда. Осы тұрғыдан алып қарағанда диплом жобасының тақырыбы өзекті болып табылады. Материалдық емес активтер-Қазақстандық бухгалтерлік есептеу әдістемесінің ең бір шешілмеген мәселесі болып отыр деп батыл айтуға болады. Берілген дипломдық жобада материалдық емес активтердің нақты классификациясы мен құрылымы, оның бағалануы берілген, материалдық емес активтер объектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері қаралған. Материалды емес активтерді иемдену сұрақтары, тозуы, есептен шығуы ағымдағы заң жобаларымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, материалды емес активтердің бухгалтерлік есебі мен аудитіне де көңіл бөлінген. Жобада шаруашылық жұмыстарының жиынтығы болып көрінетін бухгалтерлік есептер берілген. Қосымша беттерде материалды емес активтердің есебін жүргізуді қажет ететін құжаттар ұсынылғын. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Материалды емес активтер отандық бухгалтерлік тәжірибеде 1988 жылдың мамыр айында пайда болды. Бірақ, тек шетелдік кәсіпорындармен біріккен кәсіпорындар үшін. 1990 жылдың шілде айында материалды емес активтерді бухгалтерлік есепте қолдану акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге де рұқсат етілді. Бұл енгізілген жаңалық СССР-дің жаңа заңында материалды емес меншіктердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу қаралғандықтан ұйымдастырылды. Бұған дейін, тіпті ЭЕМ-ға арналған машиналардың өзі негізгі құралдар-электронды есептеуіш машиналар құрамында болды.

Қазақстан  Республикасының  елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты халыққа  жолдауында  «Еліміздің экономикасының  өсуі-елдің өсуінің кепілі болады» деп көрсеткен, өйткені экономикалық өсу бүгінгі және ертеңгі, сондай ақ  алдағы жиырма  жыл ішіндегі  алға қойған мақсат. Елімізде жаңа өмір басталып, оңды экономикалық саясат, озық Кәсіпорындық сана деңгейіне көтеріліп, жан – жақты өркендеп, ғылыми – техникалық прогресті барынша дамытып, Кәсіпорынның сапалық жаңа экономикалық типіне көшу кезінде нақты мәліметтер қажет. Нақты мәлімет  экономикалық өсу кепілі ғана емес, сонымен  қоса әлеуметтік дамудың, еліміздің халықаралық  қауымдастыққа  енуіміздің нышаны.

Нарықтық  қатынастардың  даму  салдарынан кәсіпорын  мұлкінің есебін  жүргізумен  қоса материалды емес  активтердің  есебін  жүргізу  енгізілді. Материалды емес активтердің есебін  жүргізу табиғи және заттай  үлгілердің есебінен  жүргізілмейді [1,6 б].

Соңғы  деректерге  сүйенсек, материалды емес  активтер  кәсіпорын табыстылығын  қамтамасыз ететін көрсеткіштерге жатпайды, кейбір  көрсеткіштер  классикалық белгісі, яғни заттық  құрылымы  болмаса да табыстылықтың  негізі  бола  алады.

Егер  де батыс  елдерінің деректеріне  сүйенсек, онда көптеген  елдерде нарықтық  экономикаға  жататын материалды емес активтер,яғни ішкі айналым  активтері  болып саналады деген теңестірулері жақын келгенімен олардың мекеме баланысына  келіп  түсуі, бағалау, амортизациясы шешілмеген мәселеге  жатады.

Материалдық емес  активтер   бүгінгі  күнгі бухгалтерлік есептегі  қазақстандық әдістемелер қолданудың өзекті  мәселесі.  Осы  саладағы есепшінің тәжірибелік қызметін төмендегі  екі  мәселе қиындатады:

— Бухгалтерлік есептің кейбір әдіс тәсілдерінің толық меңгерілмеуі. Бухгалтерлік есеп  әдістемесінің заң түрінде  немесе экономикалық  маңызы  бар операциялармен байланысының және қатынас  концепциясының негізі қарастырылмағандықтан;

— Қарапайым қарама қайшы келуі, кейбір  актілердің заңға сәйкес келмеуі, заңнамаларға  қайшы  келуі.

Кәсіпорыннның шаруашылық  қаржылық  қызметтерін дамыту шараларына материалды емес активтер тікелей  әсер  етеді. Материалдық емес  активтер құрылымын, қамтамасыз етілуін  және  де тиімді  қолдану  жүйесін  енгізуді талап етеді.Нарық  жағдайында материалды емес активтер  есебінің ролі  мен оны дұрыс ұйымдастыру маңызы  артады, оның есеп әдісін жетілдіруге  көңіл бөлініп, материалды емес активтер  қолдану тиімділігін терең экономикалық талдау жүргізу  теориясы  мен тәжірибеде дамыту  алға қойылады. Сонымен  қоса, күні  бүгінге  дейін материалды емес активтер  есебін  ұйымдастырудың нақты теориялық  және  практикалық жолдары анықталмаған. Материалды емес активтер  тиімді  қолдану  теориясы  мен оларды бағалау  әдістері бекітілмеген. Осы  уақытқа  дейін  зерттелген қағидалар  бір  біріне  қайшы, көрсеткіштері  талданбаған. Сондықтан  да осы саланы  терең  зерттеуді  талап етеді.Бұл  тақырыпты  зерттеуді материалды емес активтерді  қолданудың  тиімді  жолдарын  анықтаудан  ғана емес, көрсеткіштік мәліметтерін  талдаудан, бір біріне қатынасын  анықтаудан бастау  керек [2,12-13 б].

Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және Кәсіпорындық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Бухгалтерлік есепті Ұлттық стандарттар мен бухгалтерлік есептің Бас шоттар жоспарын жасау және ендіру жолымен қайта құруы, алғашқы рет отандық бухгалтерияның тарихында материалды-заттық мазмұны жоқ объектілерді белгілеу үшін,   «материалды емес активтер» түсінігі қалыптасты. «Материалды емес активтер есебі» 28 стандартына сәйкес материалды емес активтер – бұл физикалық мәні жоқ, өндірісте немесе дайын өнімді сатуда, әкімшілік мақсатта және басқа ұйымға жалға беруге ұзақ уақыт пайдалануына арналған ақшалай емес активтер

Дипломдық  жұмыстың  мақсаты  мен міндеті. Бұл дипломдық жұмыстық  мақсаты – Қазақстан  Республикасында  қызмет  етіп келетін кәсіпорындардың материалды емес активтерін  тиімді  қолдану шараларына талдау жасау  ғана емес, материалды емес активтерді терең зерттеу, экономикалық  тұрғыдан жіктелуін  анықтау, оны болашақта жетілдіру, дамыту жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыс  бойынша қойылған мақсатымыз төмендегі  міндеттерді  зерттеуді  талап етеді:

— материалды емес активтердің экономикалық мақмұнын ашу, теориялық қағидаға негіздеу, жан-жақты  сипаттау, материалды емес активтерді бағалау  әдістеріне  талдау жасау, ғылыми негізде жіктеу;

— материалды емес активтердің  негізгі  белгілері  мен тиімді көрсеткіштерін анықтау, материалды емес активтердің құрылымын аналитикалық  тестілеу, даму динамикасынын сипаттау, экономикалық  талдау  мүмкіндіктерін  қолдану;

— Алперен Бурак сақтандыру акционерлік Кәсіпорын  компаниясының материалды емес активтерін тиімді  қолдануға талдау  жасау, олардың есебін  жүргізудің тиімді  тәсілін  қолдану, жаңа әдістерін зерттеу, есеп  жүйесіндегі  негізгі  кемшіліктерін  табу, материалды емес актив  объектілеріне аналитикалық талдау  жүргізу;

— материалды емес активтердің аудитіне тоқталу, оларды  тиімді қолдануда кешенді бағалау  жүйесін  енгізу, материалды емес активтер объектісін жетілдіру  әдістері  бойынша  ұсыныстар  айту, дамыту.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі — Алперен-Бурак сақтандыру акционерлік Кәсіпорын компаниясы

Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары, Қаржылық есеп  берудің қазақстандық стандарттары, бухгалтерлік есептің Бас шоттар жоспары, Алперен-Бурак сақтандыру акционерлік Кәсіпорын компаниясының статистикалық мәліметтері мен  көрсеткіштері, монографиялар, оқу құралдары, интернет сайттары пайдаланылды. Өз ғылыми зерттеулерімнің  де көрсеткіштері  мен  жетістіктері қолданылған, оның  нәтижелері  мысалмен  берілген. Материалды емес активтер   есеп әдісінің теориялық аспектілері  беріліп, ерекшелік  сипаты  анықталып, қаржылық  талдаудың бірнеше  түрі  қолданылып, кешенді зерттелді. Жұмыстағы  бөлімдер бір- бірімен жалғасын  тапты.

Зерттеу  жұмыстары  үстінде ғылыми деректерге сүйене отырып, салыстырмалы, факторлы талдау  қолдандым, статистикалық  топтама жасадым, баланстық  әдіс  қолдана  отырып, кәсіпорынның даму  көрсеткіштерін  формуламен, диаграммамен көрсеттім.

Дипломдық  жұмыс  құрылымы  мен  көлемі. Дипломдық  жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған  әдебиеттер  тізім  мен тіркемеден  тұрады.

Кіріспе  бөлімінде  тақырыптың  маңыздылығы, тақырыптың зерттеу  мен зерттелу аясы анықталып, жұмыстың мақсаты  мен  міндеттері, зерттеу объектісі көрсетіледі. Дипломдық  жұмыстың ғылыми тұжырымдамасы беріліп, оның  тіжірибедегі  орны анықталады, құрылымы  мен көлемі, қағидалары көрсетіледі.

Бірінші  тарауда «Қазақстан Республикасындағы материалды емес активтер объектісіне  тоқталу, оның  мазмұнын  ашу, Бүгінгі таңдағы бухгалтерлік есеп теориясындағы материалды емес активтердің есебі, кәсіпорындағы техникалық-экономикалық көрсеткіштері  мен есеп саясаты, материалды емес активтерді экономикалық-заңды сипатына  жіктеу,  құрылымын талдау есебін талдау қарастырылады. Бірініші тарау үш бөлімнен  тұрады: бухгалтерлік есеп теориясындағы материалды емес  активтердің есебі; кәсіпорындағы техникалық экономикалық  көрсеткіштері  мен есеп саясаты; Қазақстан Республикасындағы материалды емес активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және  құрылымын талдау. Бұл тарауда материалды емес  активтердің Отандық  және шетелдік алдыңғы  қатарлы ғалымдарының  зерттеулері  мен тұжырымдамалары қолданылады, сынды пікірлер айтылады.

Екінші тарауда тәжірибеден өткен «Алперен Бурак» сақтандыру АҚ компаниясының құрылымы, баланстық  көрсеткіштері,  штаттық  көрсеткіштері, материалды емес активтерінің есеп әдісін  жүргізу  және оларды қолданудың тиімділігін  талдау жүйелері көрсетіледі. Өзім  тәжірибемді  осы  сақтандыру  компаниясында  өткендіктен, негізгі  субъектім — «Алперен-Бурак» сақтандыру АҚ компаниясы, объектім сол компанияның көрсеткіштері. Бұл тарауда «Алперен Бурак» сақтандыру АҚ компаниясының штаттық  кестесінен  бастап, кәсіпорын балансы, қаржылық  тұрақтылық  коэффиценті, материалды емес  активтерінің объектісі және басқа  да көрсеткіштеріне салыстырмалы  талдау жасадым. Ол  компанияның жетістіктері  мен даму тенденциясына  терең тоқталдым.

Үшінші  тарауым «Материалды емес  активтердің аудиті» атты  тақырыптан  тұрады. Бұл тарауда бухгалтерлік есептегі аудит  теориясы  мен материалды емес  активтерді талдау  және оны  бағалау есебінің  аудитіне, нақты  қолда  бар материалды емес активтердің кірісі  мен шығысын, олардың  қозғалысын есепке алудың аудитіне, материалды емес  активтерге  есептелген амортизация есебінің  аудитіне, оларды жетілдіру жолдары  мен  тиімді  қолдануға  терең  тоқталдым.

Қорытынды бөлімде зерттеу  жұмысымның  нәтижесінен Қазақстандық  стандарттар  мен халықаралық  стандарттар  бойынша қорытынды  жасадым. Материалды емес активтерді  тиімді  қолданудың инновациялық  әдістеріне шолып, оларды бухгалтерлік есеп  шоттарынан  көрсетіп,  әдістемелік  және  тәжірибелік  сипаттама ұсыныстар  мен жобалар ұсындым.

  Дипломдық жұмыс / 77 бет


You must be logged in to leave a reply.