25. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ……….3 — 4
I.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ……….5
1.1 Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі …….5 — 8
1.2 Инвестициялық қызметті ұйымдастыру……..9 — 10
1.3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибесі …….10-13

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ТАЛДАУ………14
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары……..14-16
2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат жағдайын талдау………..16-22
2.3 «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл- ауқат қорының» дамуы……..22-25

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ……26
3.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу……..26-28
3.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі…..28-32
3.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету және жетілдіру жолдары……..32-35

ҚОРЫТЫНДЫ……………..36-38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ….. 39-40
ҚОСЫМШАЛАР……….41-45

КІРІСПЕ

1998 жылдан бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық — әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2007 жылдар арасында республика тікелей инвестиция ретінде 68 млрд. АҚШ долларын тартты, адам басына шаққанда 4,4 мың АҚШ долларын құрайды. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.

Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.

Сондықтан мемлекет  шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2007 жылдың ақпандағы Елбасы     Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990 — жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.

Инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.

Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың қазіргі беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі курстық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы инвестиция туралы түсінік және инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізі- инвестициялық қызмет туралы теориялық аспектілер қарастырылады.

Екінші бөлім Қазақстанның инвестициялық саясатының ерекшеліктерін анықтауға арналған, яғни инвестициялық саясаттың бағыттарын, еліміздегі инвестициялық климат туралы айтылады.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімі экономикамыздың одан әрі дамуы үшін инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары қарастырылады.

 Курстық жұмыс / 45 бет


Comments closed.