25. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстан Республикасындағы инновация және оның даму жолдары отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Жоспар:
КIРIСПЕ………..3

1.Индустриялық–инновация құрылымының сипаттамасы мен даму институтттары……..5
1.1 Инновацияның ұғымы…….5
1.2 Мемлекеттің даму институттары……..6

2. Индустриялық–инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары…10
2.1 Қазақстан Республика экономикасының қазіргі жай күйінің талдауы және инновациялық даму қажеттілігінің негіздемесі..10
2.2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары12
2.3 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері …14

3. Индустрия–инновацияны қаржылық ресурстар мен қамтамасыз ету және ғылыми–техникалық прогрестің тиімділігі…..23
3.1 Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері…..23
3.2 Жаңа техникасы мен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштері….25
3.3 Ғылыми–техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі……..26

4. Саясат түрлері …28
4.1 Инвестициялық саясат……28
4.2. Мемлекеттiк инвестициялар………..29
4.3. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат……30

ҚОРЫТЫНДЫ……..33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….35

КIРIСПЕ

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7- наурыздағы № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.

      Бағдарлама ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзуге бағытталған.

      «Қазақстан-2030»   стратегиясының ең тұтқалы басымдықтарының бiрi экономиканың теңгерiмдi дамуының, жалпы ұлттық өнiмiн құрайтын шикiзатты жоғары технологиялы, оның iшiнде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми-техникалық әлеуметін тиiмді пайдалану негiзiнде экономикалық өсу болып табылады.

      Қазақстанда бұл үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл — бай табиғи ресурстар, бос өндiрiстiк қуаттардың болуы, жеткiлiктi бiлiктi ғылыми-техникалық қызметкерлер және жоғары жалпы бiлiмдiлiк деңгейiмен ұштасқан арзан жұмыс күшi, бiрқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.

      Сонымен бiрге, бiрқатар бөгеушi факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуiнiң деңдеген кезеңi болды. Қазiргi өндiрiстiң тұқыртылуы, өндiргiш күштердiң индустриясыздануы, өндiрiстiң абсолюттiк көрсеткiштерiнiң күрт қысқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қордаланудың төмендеуi тегеурiндi экономикалық даму үшiн республиканың аттаныс жағдайын едәуiр күрделендiредi.

      Бұдан басқа, технологиялық даму мен инновациялық әлеует деңгейi бойынша салалар арасындағы едәуiр алшақтық отандық экономикаға тән сипат болып табылады. Оның үстiне, кадрлар даярлау жүйесiнiң өзi де негiзiнен экономиканың шикiзат секторын кадрлық қолдауға бейiмделген.

      Экономикалық қарым-қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметке негiзгi орын берiледi, өйткені елдiң экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерiмен — өндiрiс тиiмдiлiгiн көтерумен, ғылымды қажетсiнетiн өнiм көлемiн өсiрумен айқындалады.

      Бағдарлама республиканың инновациялық дамуының ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мақсаты мен міндеттерін айқындайды, және жыл сайын ұлттық әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарға сүйене отырып, нақтыланатын және түзетiлетiн болады.

  Курстық жұмыс / 35 бет


Comments closed.