01. января 2012 · Комментарии к записи Қазақстан Республикасындағы банктердің экономиканы нығайтудағы рөлі және несие жүйесі отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ…3

I. Салық механизмінің экономикалық мазмұны, теориялық негіздері
1.1 Салық механизмі-қаржы механизмінің құрамдас бөлігі….5
1.2 Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама…7

II. Экономиканы тұрақтандыру жағдайындағы салық механизмінің экономиканы басқаруда алатын орны
2.1 Қазақстан Республикасында салық механизмінің қызмет ету ерекшеліктері….12
2.2 Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірістерін кұраудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы қаласы Салық Комитеті бойынша)..22

III. Қазақстан Республикасының салық механизмін жетілдіру жолдары
3.1 Әлемнің дамыған елдеріндегі салық механизмінің қызмет ету тәжірибиесі……31
3.2 Қазақстан Республикасының салық механизмін жетілдіру жолдарындағы түйінді мәселелері….36

ҚОРЫТЫНДЫ.…..39
ӘДЕБИЕТТЕР……..40

Кіріспе

Салық механизмі қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал -әдістерінің, ережелерінің жиынтығы.Қандай да болмасын мемлекеттің салық саясаты салық заңдылықтарын қабылдау, нормативтік актілерді бекіту, салықтардың түрлерін белгілеу, төлеушілердің ауқымын, ставкасын, жеңілдіктерін, төлеу мерзімдерін және салықтарды төлеу тәртібі, салықтық заңды бұзушылардың жауапкершілігі, бюджет жүйесі арқылы салықтарды бөлу, бір сөзбен айтқанда салық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да салық саясатының, салық жүйесінің бірыңғай, әрі тиімді қызмет етуі салық механизміне тікелей байланысты.

Салық механизмі салық теориясындағы ұйымдастырушылық экономикалық категория ретінде ұлттық табысты бөлу барысында туындайтын басқарудың обьективті процесін айтады. Осы процестердің сферасын үш түрлі ішкі жүйеге бөлуге болады, яғни олар:

—    салықтық жоспарлау мен болжау;

—    салықтық реттеу;

—    салықтық бақылау.

Негізінен салық механизмінің құрылымы мынандай негізгі элементтерден тұрады, яғни, салық жүйесі, салықтарды болжамдау, салықтарды есептеумен алуды ұйымдастыру, салықтарды алу әдісі, және салықтардың уақытылы әрі толық көлемде түсуін бақылау жүргізу. Осы процестер мен кезеңдердің барлығы салық түсімдерін жоспарлау мен болжамдаудан бастап, олардың түсуін салық органдары салық арқылы бақылаудың бірыңғай жүйесін құру. Салық механизмінің әр бір кезеңін, сатысын зерттеу қаржы ғылымында өзекті тақырыптарға жатады, өйткені салық механизмінің ұтымды ұйымдастырылуынан жалпы салық жүйесінің жай- күйі тікелей байланысты, әрі мемлекет кірістерінің көзі бюджетке тигізер әсері де мол.

Бүгінгі салық механизмі арқылы мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының ұштасуы анық, өйткені, біріншіден мемлекеттік экономикалық реттеу жүзеге асырылса, екіншіден нарықтық экономика өз дамуын іске асырады екен.

Осы салық механизмі бүгінгі танда мемлекеттің мақсатты түрде экономикалық саясатын жүргізе отырып, қоғамның экономикалық дамуына экономиканың және қаржылық саясаттың стратегиясы мен  тактикасы арқылы кәсіпкерлік пен еркін бәсекелестікті ынталандыру немесе тежеу қызметінде жүргізіледі.

2006-жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған жаңа салық кодексі салық жүйесіндегі салық механизмінің бағыт бағдарламасын түбегейлі өзгертті. Салық кодесінде салықтар мен алымдардан басқа әр түрлі төлемақылар, болжаулар жалпы саны 35-ке жуық міндетті төлемдер қабылданды. Сонымен бірге салық кодексінде салықтық әкімшілендіру тәртібімен салықтық бақылау жаңаша іске асырылды. Осы және басқада мәселелер диплом жұмысының тақырыбына арқау болды.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты бүгінгі нарықтық экономика жағдайында салық механизмінің атқаратын рөлін және мемлекеттік бюджет кірістерін толықтыруда алатын орнын көрсету.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін және диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін мынандай мәселелер қарастырылады:

—    салық механизмінің құрылымына сипаттама бере отырып салық механизмінің экономикалық мазмұнын, маңызын қарастыру;

—   экономиканы   тұрақтандыру   жағдайында   салық   механизмінің экономиканы басқарудағы алатын орны және Қазақстан Республикасындағысалық механизмінің негізгі элементтері:  салықтық жоспарлаумен болжау, салықтық реттеу және салықтық  бақылауға нақты сипаттама беру;

—  ҚР Ұлттық Статистикалық Агенттігінің Статистикалық мәліметтері бойынша экономикалық талдау жүргізу;

—  бүгінгі салық жүйесіндегі өзгерістерге барынша тоқтала отырып, салық механизмінің жаңаша бағыт — бағдарына сипаттам беру.

Диплом жұмысын жазу барысында классик-экономистердің еңбектері, қаржы және салық салуға байланысты оқу құралдары мен оқулықтар, Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін салық заңдары мен нормативтік актілер қолданылды.

 Диплом жұмысы / 40 бет


Comments closed.