25. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

I Кіріспе…..3
ІI Негізгі бөлім:

1 тарау. Бағалы қағаздар және оның нарығы……4
1.1 Бағалы қағаздың экономикалық мәні мен түрлері….4
1.2 Бағалы қағаздар нарығының мәні және оның қызметі……12
1.3 Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы мен қатысушылары…14

2 тарау. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы….17
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы………17
2.2 Бағалы қағаздар нарығын дамыту жолдары…….18

3 тарау. Қазақстан Республикасындағы қор биржасы……22
3.1 Қор биржасының мәні мен қызметтері………22
3.2 ҚР-ң қор биржасы (KASE)…..24

III Қорытынды………28
Қолданылған әдебиеттер тізімі……29

I Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.  Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі

құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің

басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген

ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта

болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы

нарықтарының дамуы, ең алдымен, дамыған бағалы қағаздар нарығымен

сипат алады. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар

шоғырлануын атауға болады.

Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. ҚР

Президентінің кезекті жолдауында бағалы қағаздар нарығын дамыту

бағыттары мен міндеттері айқындалды.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі.  Бағалы қағаздар нарығы бойынша  шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар. Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да бағалы қағаздар нарығы бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Бағалы қағаздар нарығының негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Б.А.Көшенова, Г.С.Сейтқасымов, Р.О.Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова, Ә.Қ.Тұсаева, Ж.Ш.Сатыбалдиева, Б.Ж.Ермекбаева, В.Д.Мельников, С.Құлпыбаев ж/е т.б.   ғалымдардың  еңбектері қарастырылды.

Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде

Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық және

тәжірибелік жақтарын қарастыра отырып, бағалы қағаздар нарығының даму

бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында

зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:

— бағалы қағаздар нарығының теориялық  мазмұнын қарастыру;

— ҚР бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын қарастыру;

— бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.

Зерттеу жұмыстың объектісі. Зерттеу объектісі болып Қазақстан

Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы саналады.

 Курстық жұмыс / 29 бет


Comments closed.