ЖОСПАР

КІРІСПЕ.

I МЕНШІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Меншік теориясының экономикалық негіздері.
1.2 Меншік формалары мен жеке меншіктің экономикадағы ролі.

II Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу ерекшеліктері.
2.1 Жекешелендірудің негізгі мақсаты мен міндеттері.
2.2 Кәсіпкерлікті дамытудағы жеке меншіктің ролі

ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Кіріспе. 

Адамзат тарихында экономиканы ұйымдастырудың негізгі үш әдісі анықталған: нарықтың, әміршілдік және аралас экономика. Бұл әдістердің әрқайсысына тән артықшылық және кемшілік қасиеттері бар. Алайда, қоғамдық өндірушілер мен тұтынушыларды тиімді байланыстыратын ең қолайлы тәсіл ретінде нарық механизмі танылып отыр. Нарық  механизмі экономиканың ең басты үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек?) өте қарапайым және ыңғайлы түрде шешеді.

1991 жылға дейін шаруашылығы әкішілдік — әміршілдік формада ұйымдастырылып келген ТМД елдері, оның ішінде Қазақтан да әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерінде қолданылатын нарық механизміне ынғайланды. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, нарық күрделі экономикалық категория ретінде белгілі бір әлеуметтік – экономикалық жағдайда, тиісті шарттар орындалғанда ғана дұрыс қалыптасып, өмір сүреді. Нарықтың ең негізгі шарттарының бірі – меншік қатынастарының алуан түрлі нысандарының болуы және олардың тең құқылығы. Осы шартты қанағаттандыру мәселелерін талқылау барысында таңдап алған тақрыптың өте маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінеді. Өйткені, республика экономикасының перспективалық болашағы көбіне меншік қатынатарының саналуандығы және тең құқықтың дамуы жағдайында шаруашылықтың қаншалықты дәйекті жүргізілетіндігіне байланысты.

Ізденіс барысында аталмыш тақырыптың толық мазмұнда ашылуы үшін бірнеше сұрақ – мәселелер қарастырылды. Бұл мәселелер республика экономикасындағы жеке меншік қатынастарының алатын орны, даму жағдайлары, қажеттілігі және оның кәсіпкерлікті жетілдірудегі ролі және тағы басқалары – жекелеген тарауларға бөлініп талқыланды.

Қарастырылып отырған тақырыптың күрделілігі және сан қырлылығы, шешімін күтіп тұрған көптеген мәселелердің болуы және оларды кешенді түрде зерттеудің қажеттілігі осы жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндетің айқындайды.

Жұмыстың териториялық мақсаты – Қазақстан Республикасында көптүрлі меншік қатынастарының, соның ішінде жеке меншіктің қалыптасу кезеңдерің және өсіп-өркендеуінің бағыттары мен нәтижелерін жүйелі түрде, зерттеу еңбектеріне сүйене отырып суреттеу. Ал, практикалық мақсаттың негізін Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайында жеке меншік қатынастарының кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытудағы орны мен ролі жөніңдегі пікірлермен тұжырымдар құрайды .

 Курстық жұмыс / 25 бет


You must be logged in to leave a reply.