25. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Жоспар

Кіріспе
I Шағын кәсіпорынның экономикалық мәні мен тиімділігі және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын кәсіпорынның экономикалық мәні және тиімділігі.
1.3. Шағын кәсіпорынның негізгі ерекшеліктері.

II. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорынның қазіргі кездегі дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорынның дамуы.
2.2 Шағын кәсіпорынды дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорынды несиелеу.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

         Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорынның дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын кәсіпорын Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын кәсіпорынды дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «ҚР-сының өнеркәсіптегі шағын қәсіпорындар тиімділігі және дамуы.»

тақырыбын таңдадым.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпорын саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпорын инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Бұл курстық жұмыстың міндеті:

  1. аймақтық экономиканы жандандыру;
  2. қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;
  3. шағын кәсіпорынды дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
  4. Қазақстанда шағын кәсіпорын қарқынды дамуына қол жеткізу.

Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорынды қолдау механизмін құру негізінде шағын кәсіпорынды қарқындап дамыту.

Шағын кәсіпорынды дамыту саласында Қазақстан авторларынан Мәуленова С.С, Бекмолдин С.Қ, Құдайбергенов  Сәбденова Жанар Оралқызы, Көкшетау экономика және менеджмент институтының экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейісова Жанат Нұрпейісқызы көп еңбек сіңірді.          Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономпкалық көзқарастары ғана карастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған.

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның  еңбектерінде баяндалды.

1776 жылы Адам Смит  өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.

Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және одардың 6%-і шағын және орта бизнесен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытушы Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos W.Мооrе) сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.

Жалпы құрылымы бойынша менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады:

1 бөлім – Шағын кәсіпорынның экономикалық мәні мен тиімділігі және ерекшеліктері.

Бірінші бөлімде мен шағын кәсіпорынның экономиялық мәнін, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорынның негізгі ерекшеліктерін қарастырдым.

2 бөлім – Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі шағын кәсіпорынның дамуы

Екінші бөлімде шағын кәсіпорынның даму этаптарын, оны ары қарай дамытудың кешенді бағдарламаларын, шағын кәсіпорынды несиелеу жолдарын қарастырдым.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында  кәсіпкерліктің  даму  болашағын   анықтай   отырып  кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс — әрекеттеріне көңіл бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.

  Курстық жұмыс / 28 бет


Comments closed.