30. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазақстан 2030 даму бағдарламасы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1.1 Ұлттық қауіпсіздік
1.2 Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

2 ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ
2.1 Шетел инвестицияларының деңгейі. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
2.2 Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты

3 ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:

-Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанньщ тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

-Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.

-Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.

-Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Барлық қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.

-Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

-Инфрақұрылым, көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.

-Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздін, азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздін, бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.

Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік.

Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.

Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.

Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.

Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.

Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.

Президенттің басты мақсаты– еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. “Қазақстан-2030” Стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.

  Курстық жұмыс / 25 бет


Comments closed.