26. декабря 2011 · Комментарии к записи Қаржылық менеджмент шеңберінде кәсіпорынның бақылау жүйесін қалыптастыру отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

КІРІСПЕ………………3

І. Қаржылық бақылау……………….5
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары……..5
1.2 Қаржылық бақылау түрлері………………7
1.3 Қаржылық бақылаудың әдістері…………10

ІІ. Кәсіпорынның бақылау жүйесін қалыптастыру («Эйр Астана» АҚ мысалында)…….14
2.1 «Эйр Астана» АҚ техникалық-экономикалық сипаттамасы………….14
2.2 «Эйр Астана» АҚ бақылау жүйесі…………….15
2.3 «Эйр Астана» АҚ қаржылық бақылау саясаты…………..21

ҚОРЫТЫНДЫ……………….23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………25

КІРІСПЕ

Қаржылық  бақылау – белгілі  бір  сферада  қолданылатын  және  мақсатты  бағыттағы   қызметі  болады  да  белгіленген  түрмен  әдіс  қолдану  арқылы  экономикалық  субъектілердің  іс  қимылдары  мен  қаржысын  тексеретін  шаралар  жиынтығы  болып  табылады.

Қаржылық бақылаудың негізгі міңдеті – кәсіпорындағы экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және кәсіпорындағы шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік-әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы – уақыт талап еткен қажеттілік болды.

Қаржылық  бақылаудың  ерекшелігі  оның  ақша  формасында  жүзеге  асатындығынан  тұрады.  Қаржы  министрлігінде  қаржылық  бақылау  комитеті  қызмет  етеді.  Бұл  комитет  министрліктерге, ведомстваларға, басқару  органдарына,  тәртіп  сақтау  органдарына,  қорғаныс  кәсіпорындарына  және  т.б.  ревизиялауды  жүргізеді.  Қаржы  ресурстарын  пайдаланудың  тиімділігін  арттыруға  жағдай  жасайтын,  күнделікті  жағдайда  қаржы  бақылауды  қолдану  арқылы  ерекше  оның  орны  білінеді. Осыдан  қаржылық  бақылаудың  мақсаты  кәсіпорынның  қаржы  саясатын  табысты  іске  асуына  ықпалсыз  болады.   Қаржылық  бақылаудың  сипаттамасы  субъектілер  түріне    әдістерінің  өткізілу  уақытына,  бақылауды  жүргізу  амалдарына  немесе  тәсілдеріне  негізделген

       Курстық жұмысын жазудағы негізгі міндетім.

1)                Шаруашылық  субъектілердің  иелігіндегі  ақша  ресурстарының  дұрыс  пайдалануын  тексеру.

2)                Қаржылық  операцияларының  есеп  айырысулардың  жүзеге  асыру  тәртіптерінің  сақталуын  тексеру.

3)                Өндірістің  ішкі  резервтерін  айқындау.

4)                Қаржы  тәртіптің  бұзылуын  болдырмау  және  алдын  алу.

Курстық жұмысын жазудағы негізгі мақсатым. Қаржылық  бақылаудың    негізгі  атқарымы – оның  бақылау  тексеру  атқарымымен   сипатталады,  қаржы  ресурстарын  қолдануға  және  кәсіпорындық  меншікті  пайдалануға  заңдылықтардың   орындалмауын  бұзушылықтың  себептерін  талдау  және  жаңа  құқық  бұзу  істерін  болдырмау  үшін  ұсыныстарын  даярлайды.

Курстық жұмысының өзектілігі.   Аудиторлық  бақылау  келісім – шарттың  негізінде  кәсіпорынның,  компанияның,  банктің  және  т.б.  қаржылық  шаруашылық  қызметінің  жағдайын  тәуелсіз  аудиторлық  фирманың  тексеруі. Аудиторлық   фирмалар  жалғыз  тексеру  ғана  емес   кеңес  беру  қызметін  орындайды.  Аудиторлық  фирмалар   аудиторлық  қызметті  жүргізуге органдардан  арнайы  рұқсат  алады. Қаржылық  бақылаудың  негізгі  әдісі  ревизия  болып  табылады.  Ревизияны  жүргізу  үшін   бағдарлама  жасалады.   Онда  ревизияның  объектісі  мен  мақсаты  көрсетіледі.   Сондай-ақ  тақырып  пен  негізгі  мәселелері  қарастырылады.

Курстық жұмысының маңыздылығы. Қаржылық  бақылаудың  ұйымдастыру – құрылымдық  жүйесінде  ең  басты   ұстамы,  оның  дұрыс  жұмыс  істеу  принциптерін  қалыптастыру,  міндеттерін  анықтау   зат  пен  әдістерін  таңдау, іс  шара  мен  істеу  мүмкіндіктерін  бекіту  болып  табылады.   Бюджеттерді  қарастыру  мен  бекіту  парламент  пен  маслихаттардың  қызметтері. Бюджеттің  орындалуын  бақылауды  жоғарыда  аталған  екеуі  де  жүргізіледі.

     Зерттеу пәні.  Қаржылық  бақылаудың  мәні, мазмұны  және  оның  әдістері, аудиторлық  бақылау, қаржылық  бақылаудың  қызметі  және  принциптері  мен  стандарттары.

     Зерттеу объектісі. Қаржылық  бақылау және кәсіпорындардың бақылау жүйесі болып келеді.

     Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 26 бет


Comments closed.