26. декабря 2011 · Комментарии к записи Несиенің мәні, мазмұны қызметтері отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

ЖОСПАР

КІРІСПЕ …..3

1 НЕСИЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ …..5
1.1 Несиенің экономикалық мәні …………….5
1.2 Нарықтық құрылымдағы несиенің экономикалық қызметтері …….7
1.3 Дамыған нарықтық мемлекеттерде несие қағидасын ұйымдастыру сипаты, үлгілері ……10

2 НЕСИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ ….13
2.1 Экономикадағы несиенің негізгі түрлері …..13
2.2 Нарықтағы несиенің негізгі формалары …..15

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫН НЕСИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1 Қазақстан Республикасы несие жүйесінің жағдайы, проблемалары және жетілдіру барысы …….22

ҚОРЫТЫНДЫ ……………..29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……30

КІРІСПЕ

Нарық – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.

Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Олар меншiк қатынастары; шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiнiң дәрежесi. Сонымен қатар елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.

Нарықта қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне  несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады.  Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік  қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға айналады.

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық және тағы басқа операцияларды рһорындайды.

Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Несиенің мәні, түрлері және формалары»  деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі  несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Несие өз кезегінде шаруашылық қызмет салаларында қаржының дұрыс бөлінуін, осының негізінде шаруашылық қызмет етуші субъектілерді экономикалық қызмет етуге ынталандыру, мемлекеттің экономиканы несие арқылы реттеу құралы болып табылады.

Менің осы тақырыпты орындаудағы міндеттеріме тоқталсақ:

  • Несиенің экономикалық категория ретінде мәнін ашу және оның нарықтық экономикада қызмет етуін талдау;
  • Несиенің экономикалық қатынастардың дамуына қажеттігі мен қызметтерін анықтау;
  • Несиенің әр түрлі формаларын және оның түрлерін, осыған байланысты жіктелу ерекшелігін талдау;
  • Еліміз үшін бүгінде маңызды болып отырған несие түрінің бірі болып табылатын ипотекалық несиенің әлемдік үлгілері және оның Қазақстандағы қолданысы туралы тоқталып өту.

Курстық жұмыс / 30 бет


Comments closed.