26. декабря 2011 · Комментарии к записи Несие және оның қызметтері отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

ЖОСПАР

КІРІСПЕ………..3

І . НЕСИЕ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ…….5
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі………5
1.2 Несиенің қызметтері мен заңдары……8

ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІН ТАЛДАУ…..10
2.1 Қазақстан Республикасындағы несиелендіру мен несие түрлері… 10
2.2 Ипотекалық несиенің даму қарқыны…….11

ІІІ . КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ…..20

ҚОРЫТЫНДЫ…..24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..25

КІРІСПЕ

Қазақстан егемендік алғаннан кейін нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың әр түрлі меншік формаларының пайда болуымен байла-нысты субъектілер арасындағы заңды түрде қаржы-несие қарым-қаты-настарының реттелуі ерекше мәнге ие болды.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі-ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасында күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы банктің несие саясатымен тікелей байланысты.

Кәсіпорындардың  барлық меншік формалары істерін іске асыру және  пайда табу мақсатында көп жағдайда несие алу қажеттілігі туындайды. Несиенің мәнін ашу — бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Ол қазіргі заман экономикасының тірегі болып қатысады.

Ақшадан кейін несиенің шығуы адамзаттың керемет жаңалық ашуы болып табылады. Несиенің арқасында шаруашылық және жеке басының қажеттілігін қанағаттандыру уақыты азайды. Несиені ірі кәсіпорындар мен бірлестіктер, шағын өндірістік, ауыл шаруашылық және сауда кәсіп-орындары  көп жағдайда пайдаланады.

Еліміздің экономикасын көтеруде несие қатынастарының даму дәрежесі несие мекемелерінің көбеюі және өндіріс пен тұтыну салаларында банк операцияларын пайдалану маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда несие жүйесін жетілдіру, несие жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік баста назарында.

Жалпы алғанда Қазақстанда несиелендіру бойынша жүргізілген зерттеулер бойынша көбінесе несиелерді 20-35 жас аралығындағы табысы жоғары азаматтар ала алады. Несиелерді алудың жетістіктері мен кемшіліктеріне қарамастан қазіргі кезде несие бұл барлық адамдар үшін өмірін жеңілдетудің бір түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы несиелік саясат несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін,  банктің несиелік қызметінің міндет-терін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін белгілейді.  Несиелік саясат банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде бірінші реттік маңызы бар басқа факторлармен қаржы алушының несиелік кабілетіне карап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Несие саясатын жүргізу барысында проблемалық несиелерді болдырмауға бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік келісім бойынша клиентпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады.

Бұл жұмыстың мақсаты — банктерде несиені беру жолдарымен танысу және мүмкін пайда болатын несиелік тәуекелдіктерге талдау жүргізу.    Қа-зақстан Республикасындағы Коммерциялық банктердің несиелеу саясатын жетілдіру жолдарын қарастыру.

Қазіргі кезде қазақстандық банктер өз капиталдарын сыртқы нарыққа шығаруға және тартымдылық жағдайда заемдар тартуға мүмкіндіктері бар. Олардың ресурстық базаларының артуы экономиканы несиелеу бойынша қызметін белсенді жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл жерде несие-лендірудің тұрақтылығын қамтамасыз ету жолындағы бір қатар фактор-ларына назар аудару керек:

  • Несие берудің шектен тыс жоғары қарқынмен өсіп бара жатқандығы жағымсыз салдарға ұрындыруы мүмкін, яғни несиелеудің өсуі қарыз портфелінің сапасын нашарлатады.
  • Банктердің қарыз портфельдері қажетінше әртараптандырылмаған. Несиелер негізінен тауар өндірісі экономиканың экспортталмайтын секторындағы немесе қызмет көрсету жобалары үшін беріліп келеді. Дегенмен, ол секторлар белгілі-бір деңгейде шикізат өндірісіне тәуелді.

Соңғы кездері халықты рнесиелендіруге тарту мақсатымен банктер пайыздық ставка мөлшерін азайту, несие беру мерзімін ұзарту сияқты шараларды жүзеге асыруда.

Қалай дегенмен де, ҚР экономикасында елеулі өзгерістер болып жатыр. Жас мемлекет аталсақ та, дамыған елдер қатарында жүріп, сол елдердің несие жүйелерінде болып жатқан реформаларды өзімізге сәтті енгізудеміз.

 Курстық жұмыс / 26 бет


Comments closed.