26. декабря 2011 · Комментарии к записи Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Мазмұны

Кіріспе…..2

1. Бөлім. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
1.1 Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі…….4
1.2 Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері…….9
1.3 Негізгі қорларды бақылау… 13
1.4 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы………15

2 Бөлім. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау……. 23
2.2 «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау…..28
2.3 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау……33
2.4 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау…..35

3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру жолдары мен резервтері.
3.1 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері……. 47
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.……49

Қорытынды……….56
Пайдаланылған әдебиеттер……59

Кіріспе

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал  өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Негізгі қорлар өндіріс сферасында функциянирленеді және республиканың ұлттық байлығының  басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс темпінің өсуі байланысты.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің  есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ал негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Осыдан курстық жұмыс тақырыбы «Негізгі қорлардың толық жіктелуі мен формалары». Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келессі экономист ғалымдардың Е.Е. Савицкая, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және т.б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектер енгізген.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде «Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың мәні және мағынасы» таңдалған тақырыптың теориялық негіздері беріледі, яғни негізгі қорлар нені көрсетеді, кәсіпорынның техникалық потенциалы қалай, негізгі қорлардың классификациясы, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның жәй-жәй қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.

Курстық жұмыстың екінші бөлімі анализ жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші бөлімнің бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның  2  жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына  байланысты болатын оның  техникалық потенциалын тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің  анализі, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар. Олардың өзгеру себептері, оларды өзгертетін факторлар зерттеледі.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың анализін және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін анализденетін кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Курстық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және анализі сұрақтарын қамтитын нормативтік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады

 Курстық жұмыс / 59 бет


Comments closed.