26. декабря 2011 · Комментарии к записи Нарықтық тепе-теңдік отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Жоспар

Кіріспе
1 Нарық түсінігі, шарттары және қызметтері
1.1 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері
1.2 Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері
1.3 Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің тигізетін ықпалы

2 Нарықтық тепе-теңдік модельдері және оны талдау
2.1 Нарықтық тепе-теңдік орнауының механизмі
2.2 Нарықтық тепе-теңдіктің статикалық және динамикалық модельі
2.3 Нарықтық тепе-теңдіктің қасиеттері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

   «Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен» экономикалық өсуді пайдаланумен шектелмей, осы өсуді шындап басқаруды меңгеруге үйренуіміз, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыруымыз керек» деген елбасы Н.Назарбаев өзінің жолдауында. Міне бұл дегеніміз елбасының мемлекет алдына бәсекеге қабілеттілік жөнінен қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің құрамына кіру» стратегиясы елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған тапсырмалардан туындайды. Елдің бәсекеге қабілетті болуы ондағы барлық салалармен өлшенеді. Солардың ішінде экономикалық жағдайдың бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Бәсекелестік күрес – жылжымалы, өктемелі үрдіс. Оның өлшемі жағдайдың тепе-теңдігі емес, экономикалық байланыстың барлық салаларындағы және белсенді кәсіпорынындағы негізгі ойларды үнемі бұзып отыру жатады.

Бүгінгі менің курстық жұмысымның тақырыбы бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналады.Үлкен нәрсенің ұсақтан құралатыны секілді елдің экономикалық бәсекеге төтеп беруі, ондағы фирмалар мен кәсіпорындардың өзара бәсекелестігінен де анықталады. Сондықтан да бәсеке жағдайындағы бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа талдау жасау керек. Сұраныс және ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарықтық механизм – сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраныс пен  ұсыныстың негізінде құрылады.  Нарық — өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Ол өндіріс пен тұтыныстың арасындағы  баланыстылықты қамтамасыз етеді. Бұл баланыстылық сыртқы құбылыста сұраныс пен ұсыныс арасының сәйкес болуы ретінде көрінеді. Міне, сондықтан да мен бұл жұмысымда сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері, нарықтық тепе-теңдік тақырыптарына толықтай тоқталатын боламын.

 Курстық жұмыс / 16 бет


Comments closed.