Қаржы –латын тіліндегі financia –сөзінен пайда болды. Мағынасы қолма-қол ақша немесе табыс дегенді білдірген.

Қазіргі кезде қаржы термині нақты қолданыста болғанымен оны бірінші болып енгізген авторды атау қиын.

Бірақ сол авторлар туралы пайымдаулар бар. Жан Бадэн және Аристотель қаржы ұғымына өздерінше түсінік бнруге ұмтылған.  Ұдайы өндірістік процестің – өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну сатылары оның қатысушылар арасында тауар қатынастардың болуы айқындайды. Өнім тұтынудан бұрын бөлу және айырбастау сатыларынан өтеді. Өндірілген өнім айырбастауға яғни оларды белгілі бір ақшалай балама мен өткізгенде өндіріушілердің ақшалай баламалары жасалады. Өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде ақша қатынастары ақша ұғымын құрайды.

Қаржы қатынастары – тауар қатынастарынан тыс өмір сүрмейді.

Қаржы ақша қатынастарының жиынтығы бірақ ерекше ақша қатынастары.

Қаржының өзіне тән 5 белгісі бар:

1)Қаржы қатынасының ақшалай сипаты.

2)Қаржы  қатынасының бөлгіштік сипаты.

3)Қаржы ақша қорларының

4)Қаржының директивалық сипаты  (сөз, міндет)

5)Қаржы баламасыз – құнның бір жақты қозғалысы ретінде жүреді. Қаржы экономиканың категория ретінде экономика заңдарының іс- әрекетіне негізделеді.

 Реферат / 12 бет


You must be logged in to leave a reply.