26. декабря 2011 · Комментарии к записи Нарықтық экономика модельдері отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І БӨЛІМ. НАРЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктері 5
1.2 Экономиканы ұйымдастырудың әдістері 7
1.3 Нарықтық экономика мақсаттары 10

2 ҚР-Ң НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 12
2.1 ҚР-ң нарықтық экономика модельдері 12
2.2 ҚР-ң нарықтық құрылымы 15

3 ҚР НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА МОДЕЛЬДЕРІНІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 27

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

КІРІСПЕ

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық — өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі нарықтық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет «күш» деп те дәріптеуде.

Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.

Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған  сәйкес меншік формалары  қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.

Нарықтың құрылуы процесінің көптеген үшкір мәселелерін жеңілдететін өзіндік буфер қызметін атқаратын (жұмыссыздық, тауар өндірісі жетіспеушілігі) табиғи және жартылай табиғи шаруашылық жойылды.

Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы қазіргі таңдағы нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін көрсету.

Менiң осы тақырыпты  орындаудағы  негiзгi мiндеттерiм келесiдей:

— Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктерін қарастыру;

— Нарықтық экономика мақсаттарын қарастыру;

— ҚР-ң нарықтық экономикасының қазіргі жағдайын талдау;

— ҚР нарықтық экономика модельдерінің жетілдіру жолдары жолдарын қарастыру.

Осы тақырыпты зерттей отырып, нарықтық экономика тақырыбына арналған еңбектерінің көптігін байқай аламыз (оқулықтар,  ғылыми әдебиеттер) қазіргі кезде де экономистер осы тақырыпқа назарын аударып отыр, олар экономикалық қатынастарды басқарудың принциптерін, заңдарын, рычагтарын қарастырады.

 Курстық жұмыс / 34 бет


Comments closed.