27. декабря 2011 · Комментарии к записи Нарық жағдайында кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның қалыптасуы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………3

I НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Өндірістік бағдарлама: оның түсінігі, құрлымы мен көрсеткіштері…………5
1.2 Өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістері………..9
1.3 Ұзақ мерзімді стратегияға сай эконмиканың даму жағдайындағы өндірістік бағдарламаның қалыптасуының негізгі бағыттары….20

II «КТЗ» АҚ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛДАУ.
2.1 «КТЗ» АҚ экономикалық көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы…..23
2.2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау……30
2.3 «КТЗ » АҚ өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау….36

III КӘСІПОРЫН ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
3.1 Қазақстан Республыкасы машина жасау саласындағы өндірістік бағдарламаны қалыптастыру……..44
3.2 «КТЗ» АҚ өндірістік бағдарламаны жетілдіру жолдарының қалыптасуы….48

ҚОРЫТЫНДЫ………52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..53

КІРІСПЕ

             Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылдың 19 науырызындағы халыққа Жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қаблетті экономика құру арқылы жүргізу керек»/1/, яғни  халықаралық  стандартарға сәйкес келетін кәсіпорындар құрып, өндірістік шикізаттық бағытынан өндеуші өенркәсіпке көшудің маңызы зор. Сол арқылы елдің өенркәсібінде тепе – теңдік орнатуымыз қажет. Мұнайдың шикізат ретінде экспортқа жіберілуін азайтып өз елімізде өңдеу, машина жасау өнеркәсібін дамытып, елдің басты салаларына күрделі қаржы бөлу мәселесі тұр.

Дәстүрлі экономика кезінде кезінде мемлекет өнеркәсіптің барлық салаларын бір орталықтан басқарылып, кәсіпорындарға мемлекет тарапынан тапсырыс беретін болған. Бұл жағдайда қажеттіліктер салалалық министрліктермен анықталатын болған, ал өндірістік бағдарлама ең басты стратегиялық жоспар болып табылады.

Алайда бір орталықтан басқару кәсіпорындардың өз бетімен қызмет етуіне кедергі келтірді. Олар мемлекеттік стратегияны жүзеге асырушылар ғана болды, оның басты міндеті болып өндірістік бағдарламаны орындау болып табылды.

Нарықтық экононмикада бір жағынан тұтынушылар билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс — әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркеттингтік зерттеулер, бәсекелестердің, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Біздің жағдайымызда ол «КТЗ» АҚ  шығаратын транформатор құрылғылары, бұл кәсіпорын Қазақстанда біреу ғана болғандықтан онда тұтынушылар өте көп, бәсекелестер жоқ. Ал жалпы алғанда өндірістік бағдарламаны жасау мәселесі нарық экономикасы жағдайында маңызды болып табылады.

Курстық жұмыс тақырыбының мақсатына болып нарық экономикасы жағдайында өндірістік бғдарламаны қалыптастыруда жаңаша ұсыныстарды қарап, оның теориялық және практикалық негіздерін зерттеу.

Курстық жұмыстың тақырыбына сай міндеттері болып:

—         нарық жағдайында өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздерін ашып көрсету;

—         өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістерін қарастыру;

—         транформатор өнімдерін өндіретін кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасаудағы ерекшеліктерін анықтау;

—         кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылмын талдау саналады.

Зерттеп отырған тақырыптың мәні болып, нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасу үрдісі болып табылады.

Зерттеудің обьектісіне трансформатор құралдарын шығаратын «Кентау транформатор зауыты» АҚ табылады.

Зерттеліп отырған тақырыптың теориялық маңызы, өндірістік бағдарламаны қалыптастырудағы ұсыныстар мен жаналықтарды енгізу жатады.

Курстық жұмыстың қүрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Курстық жұмыстың I тарауында өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздері қарастырылса, II тарауында өндірістік бағдарламаға түрлі талдаулар жасалды. Ал III тарауында өндірістік бағдарламаның қалыптастыруды жетілдіру жолдары қарастырылды.

 Курстық жұмыс / 54 бет


Comments closed.