28. декабря 2011 · Комментарии к записи Нарық, тауар құны туралы түсінік. Құн заңы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Жоспар:

Кіріспе.

1. Нарық,тауар құны туралы түсінік.Құн заңы.
1. 1. Нарық түсінігі.
1. 2. Нарыќ шаруашылығының ќазіргі заманғы моделдері.
1. 3. Нарық пен айырбастың пайда болу тарихы.
2. Нарықтың маңызы туралы түсінік.
2.1.Нарықтың маңызы
2. 2.Нарықтың құрылымы.
2. 3. Нарықтың түрлері.
2. 4.Нарық эконмикасы ұғымы.
3. Нарықтың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары, нарықтық экономика институттары, нарық және мемлекеттік басқару
3. 1. Нарық артықшылықтары
3. 2. Нарық жетіспеушіліктері
3. 3. Нарықтық экономиканың институттары
3. 4. Нарықты мемлекеттік басқару

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе  

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.

Нарықтың құрылуы процесінің көптеген үшкір мәселелерін жеңілдететін өзіндік буфер қызметін атқаратын (жұмыссыздық, тауар өндірісі жетіспеушілігі) табиғи және жартылай табиғи шаруашылық жойлыды. Осы курстық жұмыста мына мақсаттарды орындаймын:

Тауар өндірісінің, тауардың және оның құнының негіздерін қарастыру. Нарық және айырбастың пайда болу тарихын зерттеу;

Нарықтық мәнін анықтау, оның функцияларын, нарықтық ұйымдастырудың негізгі мақсатын, нарық түрлерін зерттеу;

Нарықтың тиімді және тиімсіз жақтарын, нарық инфрақұрылымын, нарықтық экономиканық ерекшеліктерін, мемлекеттік макроэкономикалық бағдарлауын зерттеу;

Нарық негіздері, оның функциялары және қоғамдағы рөлі туралы қорытынды жасау;

Осы тақырыпты зерттей отырып, нарық тақырыбына арналған еңбектерінің көптігін байқай аламыз (оқулықтар, ғылыми әдебиеттер) қазіргі кезде де экономистер осы тақырыпқа назарын аударып отыр, олар экономикалық қатынастарды басқарудың принциптерін, заңдарын, рычагтарын қарастырады.

Берілген курстық жұмыс кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде адамзат өзінің өмір сүрген тарихының көп бөлігін нарықсыз өткізгенін, тек табиғи шаруашылық дамығанын көсетіледі. Кейін тауар шаруашылығы өтіп кетті, нәтижесінде экономикалық субьект жеке мүдделеріне жетуге тырысуға бастады және олар өзара еңбекті тауар өндірушілер арасында бөлді. Алғашында айырбас дамыды, оның дамуы нарық құрылуына алып келді. Нарық өзіне тән бәсекелестік арқылы тауар шаруашылығына берік негіз бола білді. Нарық – көп өлшемді ұғым, сондықтан оған нақты анықтама беру біршама қиынға соғады.

Екінші бөлімде бірнеше функция орындай алатын нарық негізі туралы айтылады. Экономикада нарықтың келесі түрлерін атаған жөн: еңбекті қоғамдық бөліністен бәсекелестікті шектеу және бағдарлану деңгейіне, нарықтық айырбас етуі ұйымдастырылуына, заңдық нормалардың сәйкестігіне, нарықтық қатынастардың обьектілерінің арналуына байланысты бөлінеді. Нарықтың осы аталған түрлері өзара байланысқан және экономиканы толығымен қамтамасыздандыратын жүйе ретінде қолданылады.

Үшінші бөлімде нарықтың оң және теріс жақтары қарастырылады. Нарық дамуы оның күрделенуіне алып келді, сол себепті жаңа құрылған инфрақұрылымы да күрделене түсті. Нарықтық экономика мемлекеттің бағдарлауынсыз жұмыс істеп, өмір сүруі мүмкін емес.

Құн заңы тауарөндірушілерді саралайды, нарықтың бәсекелестік және еңбектің қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыздандыру деңгейінен тауар өндіруге өзіндік қамтамасыздандырудан ауытқушылық әсерінен әлеуметтік қабаттануды жүргізеді. Құн заңы шағын, орта және ірі өндірістің бірігуін жақсы қарсы алады, бірақ бәсекелестік барысында әлсіздер шаруашылық дербестігін жоғалтып, ірі, әрі қуаттылардың құрамына кіреді.

Осылай, құн заңы қоғамға қажетті еңбектің бағасының қатынасын білдіреді. Қандай да болсын тауарды өндіруге қаншама еңбек күші кетсе, соншама оны төлеп өтеу қажетсін. Бірақ, сауда-саттық процесіне тек еңбек күші ғана емес, басқа да көптеген факторлар: тауар сапасы, сұраныс пен ұсыныс қатынасы, баға саясаты шығарылған қағаз ақша мөлшері әсер етеді. Сондықтан шын құнын әрқашан оның бағасындай емес, бірақ баға құнның маңайында орналасады.

 Курстық жұмыс / 26 бет


Comments closed.