ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. НАҚТЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі
1.2 Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

2. ҰЙЫМДАРДА ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі
2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері
2.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері
2.4 Қаржылық инвестициялардың есебі.

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары
3.2 Қ.Р — ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНАЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.  Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде

экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің  ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік  инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту  және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

 Курстық жұмыс / 40 бет

 


You must be logged in to leave a reply.