МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы мемлекеттік қарыз құрылымының қалыптасуы……5
1.2 Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы….8
1.3 Қарыз өтеу механизмі……14

II. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ҚАРЫЗДАР
2.1 Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу және пайдалану тәртiбi…….17

III. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Қазақстандағы мемлекеттік қарызды басқару мәселесі..19

ҚОРЫТЫНДЫ…….24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…….26
ҚОСЫМША…..27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттік бюджет -қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен ұдайы өндірісте кеңейту мақсатында мемелекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын пайдалану, құру арқылы қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу процесінде туындайтын мемлекетпен қоғамдық өндіріске қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастар.

Кірістер шығындардан жоғары болатын қаржылық құбылыс артықшылық (профицит) ,ал  шығыстардың  кірістерден жоғары болуы, бұл қаржылық құбылыс тапшылық (дефицит) деп аталады.

Мемлекеттік бюджет тапшылығы — күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бюджеттік тапшылық түрлі шаруашылық рынок салаларында ұдайы өндіріс дисбалансын тудырып, көптеген елдердің экономикалық  дамуындағы үшкір мәселелердің бірі болып отырады. Себебі Бюджет тапшылығы меплекеттік қарызды, ал ол бюджет тапшылығын тудырады, яғни циклдық бюджет тапшылығы пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тепе-теңдік жағдайын қамтамасыз етуіміз өте маңызды болып келеді. Өйткені Ұлттық экономиканың тірегі-  мемлекеттік бюджет.

Қазақстанда 90 ж. басында негізгі мәселелердің бірі бюджет тапшылығы болды. Бұл жағдай тапшылықты қаржыландырудың жаңа көздерін құруға мәжбүр болды. Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі және ұтымдысы мемлекеттік қарыз арқылы қаржыландыру болып келетіні сөзсіз.

Мемлекеттік қарыз — шығарылып, өтелмеген мемлекеттік заемдар сомасы мен есептелген пайыз қойылымы. Өтелмеген мемлекеттік заемдар белгілі бір мерзімге дейін пайызбен қоса қайтарылуы тиіс.

Бұл курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыз бен бюджеттік тапшылық себептерін анықтаумен қоса, мемлекеттік қарызды тиімді, әрі ұтымды басқару арқылы бюджеттік тапшылықты төмендеуіне әсер ете алатын факторлар мен басқару стратегиясының маңыздылығын көрсету. Бірақ бюджеттік тапшылық пайда болған сәтте, ұлттық экономиканың барлық салаларына тарап, әсері глобальді түрде көрінеді. Тапшылықпен қарыздың себептерін анықтағанымен, оларды тез арада төмендету мүмкін емес. Өйткені бұл құбылыстар циклдық сипатта. Бюджеттік құрылымдық элеметтердің түпкі негіздерін зерттеу, мемлекеттік қарызды басқару стратегиялары бюджеттік тапшылықты төмендетуге жағдай жасайды. Әрине, мемлекеттік қарызды және бюджет тапшылығын басқару стратегияларын құру кезінде Қазақстанның экономикалық ерекшеліктерін ескеру тиіс.  Бұл курстық жұмыс барысында Қазақстанның бюджеттік мәселелерін шешуге бірнеше шараларды қарстырып, ең тиімдісін таңдау  және нарықтық экономика заңдарына сай  ұтымды әдістерді зерттеу мәселелері айқындалады.

 Курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.