26. декабря 2011 · Комментарии к записи Мемлекеттік кірістер отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………3
I. МЕМЛЕКЕТ КІРІСТЕРІНІҢ МӘНІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТАБЫСТАР СЫНЫПТАМАСЫ.
1.1 Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні…………5
1.2 Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері……..9
1.3 Мемлекет кірістер мен табыстар сыныптамасы……..11

II. МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР МЕН ТҮСІМДЕРГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.
2.1 2000-2009 жж. Мемлекеттік бюджет кірісінің құрылымы……..14
2.2 Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 1 шілде айына дейін мемлекеттік бюджеттің орындалуы…….15
2.3 Республикалық және жергілікті бюджет түсімдері….17
2.4 Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы……….19

III. ҚОРЫТЫНДЫ….. 22
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫЛАР ТІЗІМІ…..24

КІРІСПЕ.

         Осы курстық жұмыста мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы тұжырымдалады. Мемлекеттік кірістердің мемлекеттік бюджет  жүйесіндегі қызметі, олардың тәжірибелік және әдістемелік негіздері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер мен табыстардың  экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік кірістер мен табыстардың  Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы алатын орны көрініс табады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен табыстардың  қазіргі кездегі экономикалық  жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.

Баршамызға белгілі еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Бұл орайда 2002 жылдың 1-ші қаңтарынан іске қосылған Салық Кодексіне байланысты салық салу ісінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізілді.

Курстық жұмыста осы өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама берілген.

Мемлекеттік кірістер мен табыстардың   экономикалық мәні мен мазмұны жан-жақты ашылып, кірістердің атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген. Салық механизмі анықталып, оның құрамына талдау жасалған. Жаңа салық Заңдарының қабылдануына байланысты  салықтар мен алымдар жүйесін басқару және оны жетілдіру жолдары айтылған.

Қазақстан Республикасында енгізілген  салықтар мен алымдар       түрлері, оларды есептеу және бюджетке аудару механизмі көрсетілген.

Курстық жұмысымның бірінші тарауында мемлекеттік кірістері  туралы жалпы түсініктеме берілген.

Қазақстан Республикасы Салық Кодексіне сәйкес салықтық түсімдер, сонымен қатар салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер және басқа да міндетті төлемдер түрлерімен таныстым.

Ал курстық жұмысымның екінші тарауына келетін болсақ, онда мемлекеттік кірістер жөніндегі практикалық мәліметтер бар. Онда мемлекеттің кірістері мен түсімдерінің пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген.  Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.

Бұл курстық жұмысты орындау барысында мен көптеген оқулықтармен, кітаптармен және мерзімді басылымдармен жұмыс жасадым. Мерзімді басылымдарға: “Қаржы-қаржат”, “Альпари” мысал бола алады. Бұл мерзімді басылымдардың мәліметтерін негізге ала отырып, курстық жұмысымның екінші бөлімін жаздым.  Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексі және  “Бюджет жүйесі” заңдары жөнінде хабардар болдым.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – мемлекеттік кірістер, яғни салықтық және салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер болып табылады.  Ал зерттеу субъектісі – салық  төлеушілер болып саналады. Осыған қоса мен мемлекеттік кірістер көздері және оларды төлеу  механизмдері туралы мәліметтермен таныстым.

 Курстық жұмыс / 24 бет


Comments closed.