Жоспар:

Кіріспе
І. КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫ
1.1. Корпорациялық табыс салығы зерттеушілер және салық салу обьектілері
1.2. Корпоративтік табыс салығы туралы декларация
1.3 Корпорациялық табыс салығы бойынша салық кезеңі және салық декларациясы
ІІ. КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ СУБЬЕКТІЛЕРІНІҢ ӘКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ
2.1. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу субьектілері
2.2. Корпоративтік табыс салығының обьектілері мен субьектілері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
ТҮЙІНДЕМЕ

Кіріспе

Табыс салығы ежелгі және классикалық салық тұрлернің бірі. Ол негізгі таралымын X1X және XX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде алды.

Қазақстан Рсспубликасында табыс салығы «Қазақ КСР азаматарынан, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалардан табыс салығы» тұралы Заңымен 1991 жылдан бастап енгізілді Заңды тұлғалар табыс салығын 1994 жылдан бастап 2001 жыл аралығында төледі). 2002 жылдан бастап табыс салығы корпоративті табыс салығы деп аталатын болды.

Корпоративті табыс салығы мемлекетік бюджедтің кіріс бөлігі мен маңызды бабы болып табылады. Бұл салықтық реттеудің негізгіқұралы болып табылады. Өйткені кез-келген кәсіпкерлік кызметтің түпкі мақсаты пайда алу, яғни ол жылдық жиынтық табыстан барлық шегерімдер мен бюджетке төленетін  салықтарды алып тастағанға тең.

Корпоративті табыс салығындағы реттеушілік бастамасы, экономикалық және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында салық төлеушшерді әр түрлі жеңілдіктермен және санкциялармен манипуляциялау мүмкіндігінде  корытылады.

Корпорациялық табыс салығының функциясы әр түрлі. Ол бюджеттің кіріс бөлігінің кайнар көзі каржылық пропорциялардың және жалпылау процестерінің реттеушісі; экономикалық өсу ырғақтылығы; кәсіпкерлік қызметті экономикалық ынталандырудың тұтқасы; басқару құралы; шаруашылықтың экономикалық шарықтарын тузеудің нақты формасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері табыстарға салық салудың үш схемасын пайдаланды. 1994 жылдың акпанына дейін Қазақстанда салық салу ретінде пайда және кірісі болды. 1995 жылдың ішілдесінен бастап 2001 жылдың аяғына дейін салық салу субьектісі ретінде, салық салынатын табыстан табыс салығы енгізілді, ал 2002 жылдың қаңтарынан бастап салық салынатын табыстан корпоративтік табыс салығы алынды, осылайша, салық салу жүйесінде жаңа категория — корпорацивтік табыс салығы пайда болды, бұл экономикасы дамыған елдердің тәжірибесімен тексерген.

Корпоративті табыс салығын төлеушілер  болып мемлекеттік мекемелер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкті қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент Заңды тұлғалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасында өз кызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе  Қазақстан Республикасының көздеген табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады (бұдан әрі бөлімі бойынша салық төлеушілер). Сондай — ақ Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған «Салықтар мен бюджетке төленетін баскада міндетті төлемдер» тұралы Заңына сәйкес арнайы салық режимін қолданатын Заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлейді.

Корпоративті табыс салығы салынатын объектілер келесілер болып табылады:

— салық салынатын табыс, түзетулер есебімен әрекет ететін Салық Кодексімен карастырылған, жылдық жиынтық та­быс пен шегерімдер арасындағы айырмашылық ретінде анықталады;

— төлем көздерінен салық салынатын табыс;

— Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы өз кызметін жүзеге асыратын резидент емес Заңды тұлғаның таза табысы.

Корпоративті табыс салығын есептеу механизмге сәйкес, келесідей формула қолданылады:

Қазақстандық кәсіпорындарындағы салық.

Тіркелген активтердің құнын анықтау ушін, негізгі құралдардың бастапкы құнына, оларды алуға, есептеуге, құрастыруға, орнатуға, сонымем қатар олардың құнын артыруға кеткен шығындар қосылады.

Құрастырушылар мен қатысушылар жарғылық капиталға өздернің негізгі құралдарын салым ретінде салғанда, аталған құралдардың бастапқы құны Қазақсған Республикасының азматтық Заңнамасына сәйкес анықталады.

Негізгі құралдарды кайтарымсыз түрде алу барысында олардың бастапқы құнымен кабылдау — беру мәліметтері бойынша анықталады. Бірақ олардың құны нарықтық құннан жоғары болмауы тиіс.

Магериалдық емес активтердің бастапқы құнына құрушылар мен қатысушылардың шығындарын қоса, оларды алуға және құруға кеткен шығындар жаткызылады.

Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу ушін кестеден амортизациялық топтар қолданылады. Дегенмен амортизацияға жатпайтын тіркелген активтер де бар. Оларға келесілер жатады:

— жер;

— муражай құндылықтары;

— сәулет және өнер ескерткіштері;

— ортак пайдаланымдағы құрылыстар, автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар;

— аяқталмаған қүрделі құрылыс;

— фильмкорына жататын объектінер;

— Қазақстан Республикасы шама бірліктеріндегі мемлекетік эталондары;

— Қазақстан Республикасынын 2000 жылғы қаңтарға дейін колданыста болған салық заңнамасына сәйкес, бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;

— Инвестициялық жоба шеңберінде эксплуатацияға енгізілген, тіркелген активтер.

 Дипломдық жұмыс / 58 бет


You must be logged in to leave a reply.