25. декабря 2011 · Комментарии к записи КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……..3

I ТАРАУ. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметі, оның мәні және қазіргі кезеңгі экономикадағы ролі ………6
1.2 Шаруашылық субъектілердің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруды ұйымдастыру және олардың тиімділігін бағалау ….17

II ТАРАУ. МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Шаруашылық субъектілердің инвестицияларын тарту тиіміділігі және инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары ……23
2.2 Қазақстан мұнай өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары ……..26

ҚОРЫТЫНДЫ ………………..32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ….….34

Кіріспе

     Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады.  Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 2002 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленеді.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің, сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез – келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатында пайдаланады.

Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады.

Республикадағы  мұнайгаз  өнеркәсібінің  өнеркәсіптік  өндірістің  жалпы  көлеміндегі  үлесі  мәнді.  Дегенмен  еліміздегі  мұнай  өндіру  мен  өңдеу  көлемдерінің  арасындағы  алшақтық  көп.  Қазақстан  экономикасының  шикі  мұнайды  экспорттауға  бағдарлануы  экономиканың  даму  және  республикалық  бюджетті  толтыру  мәлесін  шешуге  қажет  шамада  мүмкіндік  бермейді,  сондықтан қазіргі  жағдайда  ең  алдымен  мұнай  өңдеу  саласын  дамыту  бойынша  мәселелерді  шешу  қажет.  Қазақстанның  өнеркәсіптік  дамы  үшін  мұнай  және  басқа  да  шикізат  экспортынан  алынған  пайданы  экономиканың  өңдеу  секторына  инвестиялау  керек.  Бірақ  біздің  елімізде  капиталдың  мұндай  қозғалысын  қамтамасыз  ететін  ішкі экномикалық  механизм жоқ,  мұнай  экспортынан пайда  әдетте  бірыңғай  уақыттық  сипаттағы  жергілікті  мәселелерді – зейнетақы,  жалақы  бойынша  қарыз,  сыртқы  қарыз  бойынша  процент,  теңге  курсының  тұрақтылығын  қолдауға  төлем,  т.б.  сияқты  мәселелерді  шешуге  жұмсалады.

     Курстық жұмысымның мақсаты – ғаламдық экономикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан қызмет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің, атап айтқанда, мұнай өңдеу кәсіпорындарының инвестициялық саясатының тиімділігін арттыру мен инвестициялық жобаларды ұйымдастыруды жетілдірудің маңыздылығын көрсету.

Мақсатыма жету үшін курстық жұмысымның алдында келесідей міндеттер қойылды:

  • Инвестицияны экономикалық мәнін ашу, оның жіктелуі мен қаржыландыру көздерін қарастыру.
  • Шаруашылық субъектілердің инвестициялық қызметінің маңызын және оның қазіргі экономикадағы ролін көрсету.
  • Қазақстанның мұнай өңдеу кәсіпорындарының инвестициялық саясаттын жетілдіру жолдары қарастыру.

     Курстық жұмысымның құрылымы. Курстық жұмыс көлемі – 35 бет. Кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда инвестиция, кәсіпорынның  инвестициялық жобаларын ұйымдастыру туралы түсінік және оның экономикадағы рөлі, сонымен қатар инвестицияның жіктелуі, қаржыландыру көздері туралы айтылады.

Екінші тарауда шаруашылық субъектілердің инвестицияларын тарту тиімділігі және инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары туралы сөз қозғалады.

 Курстық жұмыс / 35 бет


Comments closed.