31. декабря 2011 · Комментарии к записи Кәсіпорынның басқару құрылымын талдау отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……… 4

1 КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕРОИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Басшылық ұғымының түсінігі ….. 6
1.2 Кәсіпорындағы басқару функциялары….. 8
1.3 Басқару құрылымының түрлері…. 10

2 «АТАМЕКЕН АГРО» АҚ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы…… 15
2.2 Кәсіпорынның басқару құрылымын талдау………… 19
2.3 Қарым-қатынасты және өкілеттікті ұйымдастыру…… 21
2.4 Басқару құрылымын жетілдіру жолдары…….. 25

ҚОРЫТЫНДЫ…28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ…..29
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға өту басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Кәсіпорының тиімді қызмет етуі көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Сол себепті басқаруды ұйымдастырудың маңыздылығы әрбір ұйым, әрбір қор, әрбір кәсіпорын үшін өте маңызы зор. Өйткені кәсіпорын аз шығын мен көп пайда табу үшін тиімді басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, бақылауды жақсы жүргізе білуі керек. Мұның бәрі кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке жігерлендіруге, жаңа технологияларды өндіріске қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жедел, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы шаруашылықтардың шараларының барлығын белгілі бір жүйеге келтіріп, бақылау жасауға ықпал етеді. Басқаруды ұйымдастырудың қажеттілігін сұраныс пен ұсынысын қамтамасыз етуде маңызы зор. Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр. Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек. [6]

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. [4]

Шаруашылық субъектілерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету шаруашылық қызметін экономикалық тұрғыдан сауатты басқаруды талап етеді, ал ол өз кезегінде шаруашылық қызметін талдаумен тығыз байланысты. Экономикалық талдау көмегімен кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оған әсер етуші факторлардың даму тенденциясы, өзгеру себептері жан-жақты терең талданады, басқарушылық жоспарлары мен шешімдері негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады. [1]

Курстық жұмыстың басты мақсаты — кәсіпорындағы  басқару қызметін   ұйымдастырылуын   жетілдіру   жолдарын анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

—         кәсіпорынның басқару құрылымына талдау жасау;

—  кәсіпорынның басқару құрылымын қалыптастырудағы тиімді бағыттарды және кәсіпорынның даму стратегиясына ықпал етуші факторларды анықтау;

—  кәсіпорынның басқару құрылымының ұтымды жолдарын дайындау бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Курстық жұмыста келесі сұрақтар қарастырылды: басшылық ұғымының түсінігі, кәсіпорындағы басқару функциялары, басқару құрылымының түрлері, «Атамекен Агро» АҚ ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы, кәсіпорынның басқару құрылымын талдау, қарым-қатынасты және өкілеттілікті ұйымдастыру, басқару құрылымын жетілдіру жолдары.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

Зерттеу объектісі болып «Атамекен Агро» АҚ алынды. Курстық жұмыста кәсіпорынның жарғысы, 2009, 2010 жылдарға бухгалтерлік баланс, кіріс және шығыс есебі, капиталдағы өзгерістер есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы есебі, қаржылық жағдай туралы есеп қолдалынды.

  Курстық жұмыс / 29 бет


Comments closed.