МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ….5

1. КӘСIПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI…..8
1.1 Кәсiпорын қызметiнің бәсеке қабілеттілігінің мәнi мен мазмұны…..8
1.2 Бәсеке қабілеттілігін анықтаушы көрсеткiштерiнiң негiзгi түрлерi, жүйелерi және оларды есептеу әдістемесі……14
1.3 Кәсіпорын тиімділігін жоспарлау, оның негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері …..24

2. «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIНIҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ….30
2.1 Өзенмұнайгаз» Өндірістік Филиалының негізгі техника– экономикалық көрсеткіштерін талдау …..30
2.2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді 2006-2008 жылдар бойынша талдау және жоспарлау …42
2.3 «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның қаржылық тұрақтылығын талдау ….48

3. «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ……55
3.1 «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның болашақта даму жолдары ……55
3.2 «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның өндірістік қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру бағыттары ….57

ҚОРЫТЫНДЫ …65

ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ..67

КIРIСПЕ

Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі таңдағы жағдайы жоғары потенциалмен сипатталады: мұнай мен газдың мол қоры, игерілген көмірсутек кен орындарының болуы, мұнай шығару мен оны экспорттаудың өсуі. Қазақстан мемлекеттік бюджеттің қалыптасуында елеулі рөл атқаратын қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіне ие болып саналады.

Осылайша,қазіргі уақытта мұнай-газ кешені экономиканың дамуын анықтайтын алдыңғы қатардағы салалардың бірі болып табылады.  Елдің экономикалық дамуына қолдау көрсете отырып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені болашақта Қазақстан экономикасының локомотивіне айналуы мүмкін, осылайша ол басқа да салалардың, соның ішінде ғылыми сыйымдылығы жоғары салалардың дамуын қамтамасыз етеді және ынталандырады.

Органикалық қазба отын, ең алдымен мұнай, ұзақ уақыт ағымында қазіргі таңдағы энергетиканың, өнеркәсіп пен транспорттың негізгі шикізат базасы болып есептеледі. Олай болса, бұл ресурстармен қамтамасыз етуге немесе олардың қолайлы бағамен жеткізілу кепілдігіне қатысты сұрақтар ұлттық даму стратегисының қалыптасуының маңызды факторларының бірі болып қалады. Ол Қазақстанның отын-энергетикалық балансының қалыптасуы үшін орасан зор мәнге ие болып табылады.  Республика ірі және тиімді отын запастарына ие және ең ірі аймақтық отын-энергетика кешендерінің бірі болып саналады. Оған мұнай-газ кешенін қалыптастыратын мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу салалары жатады.

Мұнай өнеркәсібі отын-энергетика кешенінің құрама бөлігі болып табылады. Отын-энергетика кешені отын шығару және өндіруді, электр және отын энергиясын өндіруді, энергия мен отынды бөлістіру және тасымалдауды қамтитын көп салалы жүйе.

Мұнай өнеркәсібі – мұнай және мұнай-газ кен орындарын барлауды, ұңғыларды бұрғылауды, мұнай мен газ өндіруді, тұрба құбыр мұнай тасымалын қамтитын ауыр индустрия саласы.

Мұнай мен газ өндірісі бойынша запастардың географиялық орналасуында Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстары алдыңғы қатарлы орынға ие. Аталған облыстарда мұнай мен газдың айтарлықтай қорына (90% аса) ие кен орындарының басым бөлігі шоғырланған.  Бұл кен орындарында республиканың көмірсутекті шикізатының шамамен 95%-ы шығарылады.

Мұнай-газ кешенінің тұрақтануы мен дамуы, оның жұмысының тиімділігінің артуы негізінен оның құрылымдық өзгерістеріне және мұнай-газ компанияларын одан әрі жетілдіруге тәуелді болады.

Қазіргі уақытта барлық технологиялық тізбекті біртұтас жүйеге біріктіретін тігінен интеграцияланған құрылымдарды құру жолымен мұнай компанияларының құрылымын интеграциялау және жетілдіру мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қазақстандық мұнай кешені тиімді қызмет етуі үшін мұнай өндіру, оны өңдеу және өткізу бойынша кәсіпорын күштерін біріктіруге деген қызығушылықты қалыптастыру қажет. Бұл өндіріс шығындарын үнемдеуге және жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Экономикалық талдау жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн бiлу мен игеру қазiргi нарықтық экономика шарттарында маңызды роль атқарады. Оның iшiнде қолданылатын ресурстардың шектелген мөлшерiнде өз табысын максималдауға ұмтылатын кәсiпорындар үшiн фирма жұмысының тиiмдiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерiн зерттеу. Кәсiпорын қызметiнiң нәтижелерi өнiм өндiру көлемi, сатылым көлемi, пайда секiлдi әртүрлi көрсеткiштермен бағаланатыны жалпыға белгiлi. Жоғарыда атап өтiлген көрсеткiштер қаржылық немесе өндiрiстiк нәтижелердi сипаттай отырып, кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалай алмайды. Өйткенi, бұл көрсеткiштер кәсiпорын қызметiнiң абсолюттiк сипаттамалары болып табылады және олардың нәтижелiк бағасы бойынша дұрыс интерпретациясы кәсiпорынға салынған қаражаттарды сипаттайтын басқа көрсеткiштермен өзара байланыста жүзеге асуы мүмкiн.

Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштерге рентабельдiлiк немесе табыстылық көрсеткiштерi жатады.

Экономикалық әдебиеттерде рентабельдiлiктiң бiрнеше түсiнiгi берiледi. Мысалы, оның анықтамаларының бiрi былайша айтылады: рентабельдiлiк (немiс тiлiнен rentabel – табысты, пайдалы) кәсiпорындардағы материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың қолданылуын кешендi бейнелейтiн, өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiшi болып табылады.

Басқа авторлардың пiкiрiнше, рентабельдiлiк – пайданың өндiрiс шығындарының сомасына, коммерциялық операцияларды ұйымдастыруға жұмсалған ақша салымдарына немесе фирманың өз қызметін ұйымдастыру үшiн қолданатын мүлiктерiнiң сомасына қатынасын бiлдiретiн көрсеткiш.

Қалай болса да, рентабельдiлiк табыс пен осы табысты қалыптастыруға жұмсалған капиталдың арақатынасын бiлдiредi және өте маңызды.

Экономикалық талдаудың әдiстерi мен тәсiлдерiн қолдану арқылы кәсiпкерлер мен менеджерлер қабылданған шешiмдердi жүзеге асыру процесiн бақылауды және реттеудi жүзеге асырады. Нақты нәтижелердi жоспармен салыстыра отырып, ауытқуларды анықтай отырып, осы ауытқулардың себептерiн талдай отырып кәсiпорын басшылығы пайда болған ауытқуларды жоспармен сәйкестендiру жолында жұмыс жасай алады.  Егер потенциалды проблемалар пайда бол қалса, экономикалық талдау нәтижесiнде алынған ақпараттар ұйымның ұзақ мерзiмдi жоспарлары мен алға қойған мақсаттарын қайта қарауда қолдана алады. Экономикалық талдау жүргiзудiң нәтижесi болашақта тиiмдi жұмыс барысын жоғалтпауға және шығынды азайтуға бағытталған шараларды қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Осы дипломдық жұмыстың басты мақсаты кәсiпорын қызметiнiң бәсекеге қабілеттілігін талдаудың теориялық негiзiн, әдiстерiн, нұсқауларын зерттеу негiзiнде «Өзенмұнайгаз» Өндірістік Филиалының қызметіне талдау жасау.

Дипломдық жұмыс құрылымдық түрде кiрiспеден, толықтай ашылған үш бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыстың бiрiншi бөлiмiнде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектiлерi, оның түрлерi және негiзгi көрсеткiштерiн есептеу әдiстемелерi көрсетiлген.

Дипломдық жұмыстың екiншi бөлiмiнде «Өзенмұнайгаз» Өндірістік Филиалының қызметінің бәсеке қабілеттілігіне кәсiпорыннан алынған мәлiметтер негiзiнде келесi бағыттарда талдау жүргiземiз:

ü кәсiпорынның негiзгi техника — экономикалық көрсеткiштерiне;

ü кәсiпорынның бухгалтерлiк балансына;

ü кәсiпорын қызметiнiң рентабельдiлiгiне, оның iшiнде өнiм өткiзу рентабельдiлiгiне, пайда рентабельдiлiгiне, капитал салымдарының рентабельдiлiгiне және т.б.

ü кәсiпорын қызметiнiң тұрақтылығы мен табыстылығына.

Дипломдық жұмыстың үшiншi бөлiмiнде өнеркәсiптiк кәсiпорын қызметiнiң бәсекеқабілеттілiгiн көтеру бойынша негiзгi бағыттар мен әдiстер, жетiстiктер, шет ел тәжiрибелерi қарастырылған.

Қорытындыда дипломдық жұмыстың негізгі жақтары қорытылады және әрбір бөлім бойынша қорытынды беріледі.

  Дипломдық жұмыс / 67 бет


You must be logged in to leave a reply.