Мазмұны

Кіріспе 5-7
1. Кәсіпорынның айналым құралдарын баскарудың теориялык негізі 8
1.1 Кәсіпорындағы негізгі және айналмалы құралдардың экономикалық мәні мен маңызы 8-12
1.2 Нарық жағдайындағы айналым құралдарын тиiмдi басқарудың рөлi 13-16
1.3 Кәсiпорында айналым құралдарының жіктелуі және ұйымдастырудың ерекшелігі 17-27
1.4 Айналым қорларының тиiмдi әдiстерiн айқындау 28-32
2. «Адал агроөнеркәсіптік компания» АҚ мысалындағы айналым қорларын талдау 33
2.1 Кәсiпорынның экономикалық әлеуетiн талдау 33-37
2.2 «Адал агроөнеркәсіптік компания АҚ айналым қорларын пайдалануды талдау 38
2.3 “Адал агроөнеркәсіптік компания” АҚ айналым қорларын басқару 38-44
3. Кәсіпорында айналым қорларын баскару жолдарын жетілдіру 45
3.1 Айналым қорларын тиiмдi пайдалану мақсатында жақсарту 45-49
3.2 Айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету 50-55
3.3 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін арттыру жолдары 56-60
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62

Кіріспе

Кәсіпорынның айналым құралдарын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы әлемдiк тәжiрибенi ескеретiн, қазiргi заманға сай құқық нормаларымен реттелетiн, нақты түбiрлi реформалау негiзiнде елдi тұрақты өркендену өмiр жолына түсуге мүмкiндiк беретiн әлеуметтiк-экономикалық, конституциялық, мемлекеттiк-құқықтық дамудың жаңа кезеңiне өттi. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегиясында айтылған, стратегия Қазақстан Республикасының Президентiнiң тапсырыстары мен Президенттiң халқына арнаған “Қазақстан – 2030: “Гүлдену, қауiпсiздiк және Қазақстан халқының жағдайын жақсартуға бағытталған ұзақ мерзiмдi стратегия” талаптарына сәйкес жасалынды [2,3-4б].

Аталған стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi мемлекеттiк экономикалық саясатты қалыптастырып, экономиканың шикiзаттық бағыттан өңдеу салаларына бет бұруға мүмкiндiк беретiн экономика салаларын әртараптандыру арқылы тұрақты дамуға мүмкiндiк бередi. Бәсекеге қабiлеттi және экспортқа бағытталған тауарлар, өңдеу саласындағы жұмыстар мен қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялдық-инновациялық саясаттың негiзгi мiндетi болып табылады.

Бәсекелестiк – экономиканың тиiмдi дамуының негiзгi механизмi. Тиiмдi бәсекелестiкке жағдай жасау, әдiл бәсекелестiктi қорғау мен қолдау мемлекеттiк индустриялдық-инновациялық саясаттың негiзгi мақсаттары – экономиканы әртараптандыру мен өндiрiстi модернизациялануды жүзеге асыруға мол мүмкiндiк бередi. Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi және әлемнiң қарқынды дамыған елдер қатарына қосылуға негiз болатын басымдылықтары айқындалды.

Бұл туралы 2004 жылдың 19 наурызында шыққан “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстанға, бәсекеге қабiлеттi экономикаға, бәсекеге қабiлеттi ұлтқа”; 2005 жылдың 18 ақпанында шыққан “Қазақстан қарқынды экономикалық, әлеуметтiк және саяси модернизация жолында”; 2006 жылдың 1 наурызында шыққан “Қазақстанның әлемнiң 50 бәсекеге қабiлеттi елдер қатарына қосылу стратегиясы”, 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» сияқты Қазақстан Республикасының Президентiнiң халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауларында айтылған [4,5,6,7].

Қазақстан Республикасының Үкiметi тарапынан нарығын әртараптандыру мақсатында осы салаға қатысты мемлекет пен барлық байланыс операторларының қызығушылықтарының балансын бейнелейтiн, нарығындағы барлық бағыттар бойынша еркiн және бәсекелестiң дамуын қамтамасыз ететiн нормативтiк база даярланды. Әртараптандыру процесi нәтижесiндегi бәсекелестiктiң күрделенуi нарығындағы позитивтi үрдiстердiң объективтi катализаторы болу керек. Мұндай жағдайда “Адал агроөнеркәсіптік” компаниясы ырықтандырылған нарығында бар мүмкiндiктерi мен күш-жiгерлерiн лидерлiк позицияны иеленiп, осы нарықта белсендi “ойыншы” болуға жұмсайды. Бұл мiндеттi тиiмдi шешу компанияның мақсатты бизнеске бағыттылығын қалыптастыру, қолда бар кадрлық әлеуеттi және өндiрiстiк ресурстарды толық қолдану, жоғары технологиялар базасындағы инвестициялық белсендiлiктi кеңейту, корпоративтi басқару деңгейiн жоғарылату негiзiнде мүмкiн болады.

2005 жылға қойылған мiндеттердi тиiмдi жүзеге асыру “Адал агроөнеркәсіптік компания” АҚ жүйелi компания ретiндегi статусын нығайтуға, ел Президентiнiң жолдауының негiзгi жағдайларын, саланы әртараптандыру бағытталған Үкiмет бағдарламасын орындауға жағдай жасайды. Даму векторы компания активтерiнiң өсуiне, қазақстандық нарықтағы оның белсендi ролiн нығайтуға және әлемдiк нарықтарға шығуға бағытталуы қажет.

Сондықтан “Адал агроөнеркәсіп” компаниясында айналым құралдарын тиiмдi басқарудың мәнi зор. Олар кәсiпорын мүлкiнiң құрамдас бөлiктерiнiң бiрi болып табылады. Айналым құралдарының жағдайы мен оларды тиiмдi пайдалану – кәсiпорынның оңтайлы қызмет етуiнiң басты шарттарының бiрi. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын айқындайды. Ақшаның құнсыздануы жоғары деңгейi, төлем қабiлетсiздiк және басқа жағымсыз жағдайлар кәсiпорынның айналым құралдарына қатысты саясатын өзгертуге мәжбүрлеп, толықтырудың жаңа көздерiн iздеуге, оларды қолдану барысындағы проблемаларды зерттеуге итермелейдi.

Өндiрiстiң үздiсiздiгiн қамтамасыз ететiн, оның материалдық негiзiн қалайтын шарттарының бiрi –– айналым құралдарын жиi жаңарту болып табылады. Ол өз кезегiнде олардың айналымдылығы түрiнде жүзеге асатын, айналым құралдарының үздiксiздiгiн қамтиды.

Дипломдық жұмыс мақсаты – кәсiпорынның айналым құралдарын басқаруды кешендi экономикалық негiздеу және кәсiпорынның айналым құралдарын тиiмдi басқаруды жүзеге асыруға бағытталған шаралар жүйесiн ұсыну болып табылады. Дипломдық зерттеулердiң негiзгi мақсатын iске асыру үшiн келесiдей мiндеттер қарастырылған:

— кәсiпорынның айналым құралдарын тиiмдi пайдалану мен олардың жағдайын бағалау;

— айналым құралдарын тиiмдi қолдану көрсеткiштерi жүйесi мен қолданылған әдiстердiң мақсаттылығын негiздеу;

— кәсiпорынның ағымдағы қаржылық қажеттiлiктерi мен меншiктi айналым құралдарын тиiмдi басқаруды бағалау.

Дипломдық зерттеулердiң әдiстемелiк негiзi қаржылық талдау: бухгалтерлiк есепті талдау; математикалық статистика құралдары мен әдiстерi; статистикалық мәлiметтер тобы мен жиынтығы; динамикалық қатарларды талдау; кәсiпорынның айналым қорларын басқарудың қазiргi заманғы әдiстерi; кәсiпорынның ағымдағы қаржылық қажеттiлiктерiн басқару сияқты әдiстердi құрайды.

Дипломдық жұмыс құрылымы кiрiспеден, үш негiзгi бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.

Кiрiспеде зерттелетiн тақырып өзектiлiгi негiзделiп, мақсаттар мен мiндеттер белгiленiп, зерттелiнетiн тақырып объектiсi мен пәнi айқындалады, әдiстемелiк және ақпараттық база көрсетiледi.

Бiрiншi бөлiмде кәсiпорынның айналым құралдарын басқарудың теориялық негiздерi көрсетiлген, олардың нарықтық экономикадағы рөлi айқындалады, кәсiпорында айналым құралдарын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар, сонымен қатар айналым құралдарының қажеттiлiктерiн айқындау әдiстерi келтiрiлген.

Дипломдық жұмыстың екiншi бөлiмi “Адал агроөнеркәсіптік компания” АҚ айналым құралдарын басқару мен әдiстемелiк аспектiсiн талдауға арналған: кәсiпорынның айналым құралдарына деген қажеттiлiктi айқындау әдiстерi, кәсiпорынның таза айналым капиталы мен ағымдағы қаржылық қажеттiлiктi айқындау әдiстерi көрсетiлiп, кәсiпорынның экономикалық талдауы келтiрiлген.

Үшiншi бөлiмде қойылған мiндеттер шегiндегi кәсiпорынның айналым құралдарын басқарудың механизмiн жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар жүйесi ұсынылған.

Қорытындыда негiзгi қорытындылар түйiнделiп, зерттелетiн тақырыпқа қатысты ұсыныстар жасалынады.

  Дипломдық жұмыс / 62 бет


You must be logged in to leave a reply.