Мазмұны

Кіріспе……3

Негізгі бөлім…….4
1. Кәсіпорындағы баға стратегиясы….4
2. Салалардағы тарифтік жүйелер……7
3. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері және арттыру жолдары…..23

Қорытынды…..26
Әдебиеттер тізімі…..27

Кіріспе
Мемлекет  экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың  өздігінен жұмыс істеуі, сонымен  қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері  артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен  қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі  жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып  табылады.
Еліміздегі  тарифтік саясат әр салаларда жүргізілуде. Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыста ғы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар сала сына барлық қатысушыларына-субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясаты жүргізілуде.
Бүгінгі күні экономиканы дамыту инфрақұрылымы  болып табылатын табиғи монополия  саласының қарқынды өсуінсіз өнеркәсіп  кешенін дамыту мүмкін емес.
Бүгін тарифтік реттеу әдістері табиғи монополия  саласына инвестицияларды тартуға  қолайлы жағдайлар жасауды және өндірісті жаңғыртуға негізделген, аталған экономика секторының басып  озатын қарқынына қол жеткізуді  қамтамасыз ету қажет. Сондықтан, индустрияның тұрақты дамытуын қамтамасыз ету, олар көрсететін қызметтер сапасын жақсарту, өзіндік құнды төмендету мен  қызмет көрсетулерге тариф деңгейлерінің  тұрақтылығы үшін тарифтік саясатты:
-инвестицияларды  ынталандыратын және орта мерзімді  кезеңде тарифтердің тұрақтылығын  қамтамасыз ететін тарифті қалыптастырудың  жаңа әдістерін енгізу;
-есептеудің  халықаралық  стандарттарын және  тиісті қызметтер көрсету түрлері  мен шығындар элементтері бойынша  шығындарды бөлек есептеу әдістерін  енгізу;
-табиғи  монополиялардың тұтынушыларға  әсерін талдау үшін ақпараттық  мәліметтер базасын жасау арқылы  одан әрі жетілдіру қажет.

Курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.