27. декабря 2011 · Комментарии к записи Инвестициялық саясат отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………..6

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ …..9
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні …..9
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары …….13
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі …22

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ….28
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы ….28
2.2 Қазақстан Республикасында басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекетті қолдау …47
2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары ….53

3. БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ .61
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру …..61
3.2 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновацияық саясаттың негізгі бағыттары ….70

ҚОРЫТЫНДЫ ………75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …….78

КІРІСПЕ

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.

Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.

Қазақстан экономикасының дамуы өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымның модернизациясы. Бұл елге мол инвестициялардың тартылуымен қатар олардың ұтымды пайдалануды талап етеді. Шетел инвестицияларының ағымы және олардың тиімділігі қолайлы инвестициялық климатқа байланысты. Инвестициялық климатты модельдеу шетел инвесторларын тарту мен қолданудың мемлекеттік саясатын дайындаудың маңызды буыны болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді [1].

Аймақта қолайлы инвестициялық климат жасау – бұл әртүрлі толық кешенді шаралар алу, осы кезең үшін аймақтағы инвестициялық климатты бағалаудың салыстырмалы талдауының негізі болып табылатын көрсеткіштер жүйесі.

1.Аймақ нарығы потенциалының сипаттамасы;

2. Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтылуы;

3. Экономикалық рефомалардың күйі мен алға жылжуы;

4. Инвестициялық қызмет үшін заңдық базаның болуы;

5. Мемлекеттік органдарда басқару шешімдерінің қабылдануының тәртіпке келтірілуі;

6. Нарықтық инфрақұрылым мен валюта нарығының дамуы

7. Банктік жүйенің тұрақтылығы;

8. Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

Қазақстан  Республикасын 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық міндеттерінің ішінде шетел капиталы үшін ел экономикасының ашықтығына, халықаралық қауымдастыққа интеграциялануға, экономикалық өсудің көзі ретінде ішкі инвестицияға бағдарлануға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты дипломдық жұмысты зерттеудің маңыздылығы және өзектілігі білінеді. Экономиканың нақты секторына сырттан инвестициялық капиталдың келуін қамтамасыз ету экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады. Экономиканың нақты секторына шетелдік инвестицияны тарту бойынша мемлекеттік бағдарламаның арқасында,көп үлесі Орталық Қазақстан аймағына келетін, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорындар кризистік жағдайдан шығарылды. Олардың қатарында “Испат-Кармет” АҚ, “Балқаш-мыс” АҚ, Жезқазған тау-металлургия комбинаты т.б.

Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі:

— минералдық ресурстарға бай жер қойнауларын барлау мен ашу мүмкіндігін;

— өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы;

— амортизацияның жоғары қарқыны;

— осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі;

— республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы.

Шетел капиталын тарту аймақтағы өндіріс кәсіпорындарын дамытуға ынталандырады, ал ірі өндірістік кәсіпорындар бюджетке аударымдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициясын пайдаланудың тұрақты даму жоспарымен қатар ішкі отандық инвесторларды да ұмытуға болмайды. Еліміздегі ең ірі потенциалды инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық потенциалы жеткілікті дәрежеде жоғары.

Қазіргі кезде қолайлы инвестициялық климат жасау еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономикалық жағдайлар тұрғысынан еліміздегі инвестициялық климаттың жай күйін оқып-үйрену, зерттеу. Осы мақсатпен төмендегідей міндеттер қойылды:

—            инвестицияның экономикалық мазмұнына шолу;

—            еліміздің инвестициялық саясатын зерттеу;

—            инвестициялық іс-әрекеттің құқықтық реттелуін қарастыру;

—            экономиканың басымды салаларындағы инвестицияның қазіргі күйіне талдау жасау;

—            инвестициялық климатты жетілдіру жолдарын келтіру.

 Дипломдық жұмыс / 78 бет


Comments closed.