25. декабря 2011 · Комментарии к записи Инвестициялық саясат — мәні, жүзеге асыру формалары отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

ЖОСПАР:

Кіріспе………..3-4

І тарау. Инвестициялық саясаттың жалпы сипаты………….4-18
1.1. Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері……4-8
1.2. Инвестициялардың жіктелуі…………9-11
1.3.Инвестициялық институттар мен шетел инвестицияларды тарту ерекшеліктері……11-18

ІІ тарау. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу барысындағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың ерекшеліктері…19-44
2.1. Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері…..19-26
2.2.ҚР инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері……26-38
2.3. Инвестициялық климат, шетел капиталы мен инвестицияларын тарту факторы ретінде…38-44

Қорытынды…….45
Қолданылған әдебиеттер……46

КІРІСПЕ.

      Менің курстық жұмысымның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.

Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:

—         инвестицияның жалпы түсінік ретінде экономикалық мәнін ұғу;

—         инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау;

—         экономикалық саясат либерализациясының ұлғаюымен ынталандырылатын, технологиялық процесс пен бәсекенің қозғаушы күші болатын глобализация кезінде бүгінгі әлемдік инвестициялардың түр-сипатын анықтау;

—         Қазақстан Республикасында инвестицияларды қаржыландыру ерекшеліктерін анықтау

—         Жағымды инвестициялық саясат жүргізудегі инвестицияларды институттардың жиынтық жұмысына шолу жасау;

—         Қазақстандағы жағымды инвестициялық климаттың қалыптасуына әсер ететін жағдайларды қарастырып, анализ жасау.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттағы басты мақсаты – ұлттық мүдделерін сақтай отырып шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру мен шетелдік және отандық инвестицияларды экономиканың басым салаларына тарту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсаттан туындайтын Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және «қоржындық» инвестицияларды тарту болып келді. Қазақстан шетелдік инвесторларға күрделі қаржылардың, технологиялардың, басқару мен маркетинг саласындағы тәжірибенің маңызды көзі ретінде қарай отырып, дәйексіз және бұлыңғыр саясат нәтижесінде өзінің ұлттық мүдделеріне қысым жасалуына жол бермеуге тиіс.

Менің курстық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.Бірінші тарау үш тараушадан тұрады. Мұнда мен, негізінен, инвестицияның теориялық мағынасын ашып, оның негізгі түрлеріне және түрлі авторлардың инвестицияға беретін ұғымдарын, классификациясын дифференцияладым. Сонымен қатар инвестициялық іс-әрекетті орындаушы институттардың түрін және олардың негізгі функцияларына тоқталдым.Екінші бөлім де үш тараудан тұрады. Бұл тарауда Қазақстандағы инвестициялардың орнын, саясатының негізгі тұстарын аштым. Жекелегенде Қазақстандағы инвестициялардың қаржылық көздерін анықтап, соның ішінде зор мәнге ие шетел инвестицияларының елге тартылуының ерекшеліктері мен проблемаларын қарастырдым. Сонымен қатар, Қазақстандағы жүргізіліп отырған инвестициялық саясаттың басты тұстары мен мақсат-міндеттерін және аймақтардың инвестициялық потенциалын анықтаудың елдің стратегиясында алатын орнын, елде қалыптасқан инвестициялық климаттың жағдайы мен тигізетін әсерін сипаттадым.

 Курстық жұмыс / 46 бет


Comments closed.