Мазмұны:

1 Кіріспе……..3

I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
1.1 Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері……5
1.2 Қаржы инвеститциялары ……8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау…..10

II бөлім. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау……13
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері……15

III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері……16
3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі…..17
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері……19

Қортынды……..22
Пайдаланған әдебиеттер…..23

Кіріспе

Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылыардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

Экономика құрлымын реформалау Қазақстанның қазіргі және келешек мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен мемлекеттік инвестициялық саясат негізінде жүзеге асырылады.Жинақталған қорлану деңгейінің жеткіліксіздігін, қозғалыстағы нарық капиталының болмауы, қаржы-несиелік ресурстарының шектеулігі инвестициялық саясат сипатын және оның іске асырылуының кезеңдігін қатаң түрде алдын-ала анықтайды.

Bнвестициялық саясаттың бастапқы кезеңдеріне тоқталатын болсақ онда мынадай міндеттер қойылған болатын.

Бірінші кезеңнің міндеттері (1996-1998ж) макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу және өндірістік қорлану көздерін кеңейту үшін жағдайлар жасау еді.

Екінші кезеңнің міндеттері (1998-200ж)өндірістің жандануы және экономикалық өсудің басталуы үшін алғы шарттар жасау болып табылады қаржыландыру көздерінің барлық түрі бойынша күрделі қаржыландыру үлесін 2000 жылға дейін ішкі жалпы өнімдерінің 26-27%дейін жеткізу , ал ол 1995 жылы 20% болған еді.

Жұмыс жасап тұрған өндіріске күрделі қаржы салуды, оның даму қажеттілігіне және өзіндік құралдармен қалыптасуына есеп жасай отырып кәсіпорындар өздері жоспарлайды.

Өндірістік құрылыстарға жұмсалатын күрделі қаржылардың  жалпы көлемінің 25%-ке жуығы АӨК дамытуға жіберіледі, бірінші кезекте, импорт алмастырушы өндірісті ұйымдастыруға, ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау  мен қайта өңдеуге; 40%-ке жуығы жылуэлектрстанциясы құрлысын және электроэнергетикадағы  электртасмалдаушы желілерді,қайта өңдеуші өнеркәсібі объектілірін қаржыландыруға жұмсалады. Құралдардың едәуір бөлігі темір жолдар мен әуе жолдары қатынастары объектілерінің құрылыстарына салуға көзделеді.

Республиканың экспорттық қуатын көтеру үшін шетелдік капитал қатыстыруымен Батыс Қазақстан-Құмкөл, Атырау-Новоресей экспорттық мұнай құбырлар құрылып жұмыстары жалғастырылады. Маңғыстауда жаңа мұнай өңдеуші зауыт салынады, Атырау,Павлодар және Шымкенттегі зауыттар реконструкцияланып жәңе кеңейтіледі.

Транспорт және байланыс саласында Қазақстанның халықаралық транспорттық магистральға шығу саясаты жалғастырылады.Өз құралдарымыз және жапондық инвестиция бойынша «Достық» станциясы салынады.

Европалық даму банкісі несиелері есебінен Ақтаудағы теңіз порты қайта конструкяиланып, Алматыда аэропорт конструкцияланды.

Қорыта келгенде, бұл курстық жұмысының мақсаты-инвестицияның мәні мен маңызын ашу.

 Курстық жұмыс / 23 бет


You must be logged in to leave a reply.