28. декабря 2011 · Комментарии к записи Инфляция және инфляцияға қарсы саясат отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4

1 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері 6
1.2 Инфляцияның түрлері 7
1.3 Инфляцияға әсер ететін факторлар 8
2 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ 11
2.1 Азық-түлік тауарлары нарығындағы инфляция 11
2.2 Азық-түлік емес тауарлары нарығындағы инфляцияның жай күйі 13
2.3 Қызмет көрсету нарығындағы инфляция көрсеткіштері 17
3 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 20

ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ 25
ҚОСЫМШАЛАР 26

КІРІСПЕ

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 процент құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 процент құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті мәселелердің бірі – инфляция.

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның факторларын толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

—       инфляцияның мәні мен пайда болу себептері қарастыру;

—       инфляцияның даму факторларын анықтау;

—       Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау;

—   мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаттағы мәселерді шешу жолдарын ұсыну.

—       инфляция факторларын талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бiр  және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр–бiрiне ауысады.

Ақша – қазiргi экономикалық өмiрiнде мемлекеттiк субъектiнiң басты феноменi болып табылады. Сондықтан көптеген ғалымдар осы мәселеге көп көңiл бөлген. Осы курстық жұмыстың басты мақсаты — сол мәселенi жан-жақтан қарастыру. Бiрiншiден, инфляцияның мәнi және түсiнiгi ашып көрсетіледі. Инфляция – ғасыр бойы қалыптасқан мәселе. Көптеген мемлекеттер инфляция кезiнде экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Батыстағы инфляция ол құнның өсуi деген мағынаны бiлдiредi.

Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптен берi өмiр сүрiп келедi. Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз байланысты деп саналады.

Қазіргі инфляцияға келесі тән ерекшеліктерін атап өтуге болады: яғни егер бұрын инфляцияның жергілікті сипаты болса, ал қазір – жаппай, жалпы қамтылған; егер бұрын үлкен және кіші кезеңдерді қамтыған болса, яғни оның кезеңдік сипаты болса, онда қазір ол созылмалы; қазіргі инфляция тек ақшаның ғана емес, сонымен бірге ақша әсерінің ықпалында тұр.

  Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, факторлары мен салдары, онымен күресу жолдары. Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұратын бөлімнен және қорытындыдан құралған.

   Курстық жұмыс / 25 бет


Comments closed.