25. декабря 2011 · Комментарии к записи Ел экономикасының дамуы, мемлекет басқару объектісі ретінде отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
1.1. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілір
1.2.Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі
1.З. Мемлекет және бизнес

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
2.1. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері мен макроэкономикалық саясаты
2.2. Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың дамуының тиімді нысаны
2.3. Қазақстандағы экономикалық даму, әлеуметтік ахуалды жақсартуға жол

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

          Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:- « Ел экономикасындағы мемлекеттің рөлі»-деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономмканы реттеу зор роль атқарады. Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Сондықтан нарық үдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты түтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста  әрекет ететінін  естен шығармаған

жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. «Айырбастау»-дейді. В.И. Ленин7-«адамдарды нарық арқылы біріктіреді». Нарықтық экономика-ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақүрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда қүрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады.

 Курстық жұмыс / 24 бет


Comments closed.