26. декабря 2011 · Комментарии к записи ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсу, оның мәні және көрсеткіштері
1.2 Экономикалық өсудің типтері және оның ерекшеліктері
1.3 Экономикалық өсудің факторлары

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТАЛДАУЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің дамуының серпігін талдау
2.2 Қазақстан экономикасының өсу динамикасын талдау
2.3 Қазақстан Республикасының аймақтық дамуын талдау

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

         Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.

Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Міне осы он тоғыз   жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.

Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”.

Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет.

Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң  алатын орны үлкен болуы керек.

Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.

Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш.  Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.

Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық өсу және оның типтері мен факторлары” деп алдым.

Бұл тақырыпты алудағы мақсатым жұмыс барысында жалпы экономикалық өсу, оның үлгілері мен факторлары туралы мәліметтерді қарастыру және сол деректерді қолдана отырып экономикалық өсудің  Қазақстандағы ерекшелiгiн қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi жақтарын көрсету. Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн болсақ, курстық жұмыстың тақырыбына сай  экономикалық өсудің үлгілері мен факторларын талдау, Қазақстанның жалпы экономикалық өсуін сандық көрсеткіштер арқылы  көрсету, елдiң тұрақты экономикалық өсуiне керi әсерiн тигiзiп отырған мәселелердi анықтау және оның шешу жолдарын табу.

  Курстық жұмыс / 32 бет


Comments closed.