Мазмұны

Кіріспе
1 Экономика есебі және есептесу
1.1 Кәсіпорынның экономикалық жұмысының мазмұны
1.2 Бизнес жоспарды жасау тәртібі мен мазмұны
1.3 Негізгі және айналым қорларының құрылысы мен құрамы
1.4 Табыстың болжауын жасау
2 Бухгалтерлік есеп бөлімі
2.1 Бухгалтерия мен шаруашылық субьектісі есебін ұйымдастыру құрылымы.
2.2 Қаражаттар бөлімі активтер есебі
2.3 Негізгі құрал-жабдықтармен материалды емес активтер есебі
2.4 Тауарлы материалды қорлар мен жеткізушілер мен есептесу есебі
2.5 Еңбек пен оның төлемінің есебі
2.6 Қаржылық есептілік
3 Қаржылық есепті талдау бөлімі
3.1 Шаруашылық cубьектісінің қаржылық жағдайын талдау мазмұны және әдістері
3.2 Қаржылық есептілік және оны талдау
3.3 Шаруашылық субьектісінің табыстылығын талдау
3.4 Шаруашылық субьектісі қызметінің тиімділігін талдау
Қорытынды
Қосымша материалдар
Қолданылған материалдар

      Кіріспе 

1.1.Мұнай өнеркәсібі құралдарын жане технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасы бұдан былай МӨҚжТКЖБ «Барлау және өндіру» «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғмы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының өндрістік филиалының өндрістік құрылым бөлімшесі ретінде жасакталған(бұдан әрі аталынған мәтінде «БжӨ «ҚМГ» АҚ «ӨМГ»ӨФ)

1.2.МӨҚжТКЖБасқармасы ережесі «БжӨ «ҚМГ» АҚ «ӨМГ» ӨФ-нің ережесі, қоғам жарғысы,Қазақстан Республикасының қолдатыстағы заңнамалары негізінде жасақталған

1.3.Заңды тұлғ аты:қоғам аты: «Барлау және өндіру  «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы. 2004жылы 31наурызда мемлекттік куәлік №15971-1950-АО Астана қаласында тіркелген. Заңда тұлға мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,Қабанбай батыр даңғылы 20/1;

1.4. «БжӨ «ҚМГ» АҚ «ӨМГ»өндірістік филмалы Маңғыстау облыстық әділет басқармасында 2004 жылғы 20сәуірдегі №1026-1943-Ф-л (А-№182797сериялы)зандлы тұлғалардың филиалдарын мемлекеттік тіркеу есебінің куәлігі негізінде тіркелген. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы,ЖанаӨзен қаласы,Сәтбаев-3 көшесі.

1.5.Қолданыстағы заңнамаларға және «ӨМГ» ӨФ-ның МӨҚжТКЖБасқармасының ережесіне сәйкес «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалының өндірістік құрылым бөлімшесі ретінде жұмыс істейді.

1.6.«ӨзенМұнайГаз»өндірістік филиалы бекітілген тәртіпте орталықтырылған экономикалық ынталандыру қорлары есебінен қарамағындағы өзіндік қорлар мен қаражаттарға, басқа да  қорларға иелік ету құқығын МӨҚжТКЖБасқармасына береді.

Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі қажет. Екінші сөзбен йтқанда өмірге қажетті азық түлік, киім, тұрғын үй,  отын,   т. с. с  тұтынуға  жарамды  заттар өндірілуі  керек.  Осыған  орай  не  өндіру,  қалай  өндіру,  кімдер  үшін өндіру  деген  сұрақтар  адам  баласының   әрбір  жеткіншек  буындараның  алдында  тұрған  көкейкесті  міндет.  Бұл  міндеттен   ешбір  қоғам  құтыла  алмайды..  Өмір  сүру  үшін  тұтыну  қажет.  Тұтыну  қалай  тоқтамаса,  өндірісте  солай  тоқтамауы  керек.  Сайып  келгенде  өндіріс  қоғамдық  өндіріс  болып  саналады.  Себебі  жеке  өнім  өндірушілер  өздерінің  қажетін  өтеп  қоймайды,  қоғам  мүшелері  үшін  де  қызмет  атқарады.  Қоғамның  өндіргіш   күштері  даму  барысында,  алдымен  адамдардың  еңбекке  қабілеттері  өсуіне  байланысты   алғашқы  қауымның  өзінде  қосымша  өнім  пайда  болуына  сәйкес  тайпалар  арасында  тікелей  өнім  айырбасы,  кейіннен  ақша  арқылы  айырбас  жүргізіліп  экономика  тауар  ақша  немесе  нарық  қатынасы  пайда  болды.

Бұл  рыноктың  тауар  ақша  қатынастарының  тарихы  кем  дегенде    5-7   мың   жыл  бұрын  болғаны  белгілі.  Мысалы  экономика  жөнінде  алғашқы  ғылыми   мәліметтер  ерте  заманғы  Вавилония,  Египет,  Индия,  Қытай,  Грек  ойшылдарының  еңбектерінде  кездеседі.  Біздің  дәуірден  бұрын  995-935  жж  өмір  сүрген  Ксенофонт  «Экономис»  атты  еңбегінде  сол  заманғы  құл  иеленуші  үй  шаруашылығы  басқару  жөнінде   нұсқаулар   жазылған.  Жаңа  дәуірде  көпшілік  елдерге  кең   тараған  ғылымның   аты  сол  грек  сөзі   «Ойкономия»  шаруашылық  және   басқару  сөзінен   алынып,  франсуз  экономисі  Антуан  Монкретьен  (1575-1622 жж)   «Политэкономия»  трактаты  деген  еңбегі  арқылы   бекіді.  Сонымен  17  ғасырдың  қазіргі  уақытта  дейін  «политэкономия»  деген  ғылым  қалыптасты.  Дұрысын  айтқанда,  бұл  ғылымның   аудармасы  екі  сөзден  тұрады,   бірінші  сөз  — басқару,  екіншісі  — шарушылық  деген  мағына  береді.  Орыс  және  қазақ  тілінде  политическая  экономия  және  саяси  экономия  деп  аударылуы   қате  деп  айтуға  болады.  Бірақ  та  осы  аударма  әдебиетке  кең  тарап  кетті.  Соңғы  жылдары  шыққан  орыс  тіліндегі  оқулықтарда   осы  түзету  бар.

Политэкономия   қазіргі  кезеңде  жоғары  мектептерде  оқылатын  политология,  социология   сияқты   пәндер  тәрізді  өзінің  ғылыми  түр  атымен  аталғаны  жөн.  Политэкономия  бұл  саясат  емес       адамзат  қоғамының   «анатомиясы  мен  физиологиясы»  зерттеитін   ғылым.  Екінші  сөзбен  айтқанда  қоғамдық  өндіріс  бөліс,  айырбас,  тұтыну  қатынастарының  обьективті   заңдылықтарын  ашатын,  экономикадағы  тауар,  ақша,  тарихи  ресурстар,  капитал,  жер,  еңбек,  ғылыми  информация,  жаңа  технология,  ноу- хау  т. с  қаржы  банк  жүйесі,  бағалы  қағаздар,  қаржы  рыногы  сияқты  рынок  қатынастарының  заңдарын, онымен  бірге  жұртшылықтың   әл  ауқаты,  мәднеи  жағдайы,  жалпы  әлеуметтік  мәселелерді  зерттеитін  ғылым.

Политэкономия  ғылымының  неғұрлым  терең   оқып,  үирену  арқылы  экономикадағы  өзгерістерге,  қазіргі  өтпелі   дәуірдегі  дағдарыстан  шығу  жолдарын  ашуға  болады.  Политэкономия  қоғамық  ғылым,  себебі  ол  адамдар  арасындағы  экономикалық  қатынастардың  ерекшелігін,  ішкі  мәнін  ашып  береді.  Осы   ғылымды  оқу  арқыы  мемлекеттік  басқару  жүйесін  көмектесуге  болады.  Политэкономия  мамандығы  Қахақстан  Республикасында  бір  ғана  жоғары  оқу орны  —  ҚазМУ  -де  дайындлады .  Осы  мамандықты  алған  студеттер   екі  мамандық  экономикалық   теория  оқытушы  және  экономист  деген  ғылыми  атақ  алады.   Сіздерге   ұсынылып  отырған  оқу  құралы   еліміздің  жоғарғы  мектептерінде  ана  тілінде  экономикалық    теория   пәнін   оқушыларға   көмекші  құрал  болып   саналады.

Бұл  оқу  құралы  жаңа  талапқа  сай  әлемдік  экономикалық  ілімнің  соңғы  жетістіктеріне  сәйкес  дайындалады.

Қазіргі  Политэкономия  пәні  капитализмнің  дүниеге  келу  қарсаңында  16 ғ  аяғы  —  17 ғ  басы  дами  бастады.

Алғашқыда   буржуазия   өндірісте  емес,  байлықтың  бейнесінде  танылған  сауда  және  алтын  операцияларымен  айналысатын  айналыс  сферасында  әрекет  еткен.

Сол  себепті   де  бастапқы  экономикалық  ілім  ретінде  меркантелизм  (италян  тілінде  mercante- саудагер)  ілім  қалыптасты.  Қазіргі  заманғы  экономикалық  әдебиеттен  төрт  негізгі  бағытты  көруге  болады.  Біріншісі  — маркстік  концепсия  өміршеңдігіне  әкімшілік   экономия  қолданылады.  Екінші  бағыт  — әкішілік  әдістерін  қазіргі  заманғы  кейнс  ілімімен  біріктіреді. Үшінші  бағыт  —  өкілдері   батыстық  теорияны   отандық   ілімге  тұтас   көшірумен   байланысты.  Төртінші  бағыт  —  өкілдері   жаңа  концепсияны  іздеуде.

Тарихи   тәжірибеде  экономикалық   ғылым   дағдарысының   тек   сл   ғылымның   өзінің   дағдарысында   ғана  емес,  оның   зерттеу   нысаны  экономикалық   дағдарысымен   байланысты   екендігін   көрсетсе   ғылым   дағдарысы    оның   дамуына   күшті   қозғау   салады.

Курстық жұмыс / 45 бет


You must be logged in to leave a reply.