КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. Бюджетті жоспарлау негіздері
2.1. Бюджетті жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары
2.2. Бюджетті жоспарлау принциптері. Жоспарлауда қолданатын норма мен нормативтердің рөлі және мәні.
2.3. Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері.
2.4. Мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясаты
2.5. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері
2.6. Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
2.7. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау
2.8. Бюджетті жоспарлау модулі мен оны орындау мониторингін енгізу

Қорытынды
Қосымша
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны мен мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі,  валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Ел Президенті Н.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген Қазақстан халқына Жолдауында басымдықтар қатарына «нәтижелілік қағидасына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін дамыту жөніндегі» шараларды жедел іске асыруды бөліп көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына «жоспарлау жүйесін жаңарту мен жетілдіру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жеделдету» міндеті қойылды.

Әкімшілік реформаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне өту көзделеді. Нәтижелер бойынша басқару тұжырымдамасы басқару технологияларын жеке меншік сектордан мемлекеттік басқаруға көшіруді білдіреді. Нәтижеге бағдарланған басқару әдістері мен рәсімдерін енгізу атап айтқанда жоспарлау мен бюджеттік процесске деген көзқарастың өзгергенін білдіреді. Стратегиялық жоспарлау қағидасына өту мемлекеттік органдарда елді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттемелеріне жетуге, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Бюджеттік жүйе реформасының бір бағыты болып табылатын нәтижеге бағдарланған бюджеттендіруді (бұдан әрі — НББ) енгізу «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» өтуді білдіреді.

Нәтижелер бойынша басқару жөніндегі технологияларды, атап айтқанда стратегиялық жоспарлау мен НББ бойынша енгізу ұзақ уақытты талап етеді. Дамыған елдерде бұл процесс ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылады және қазіргі уақытта нәтижелілік қағидасына негізделген тетіктің әбден жетілдірілуі жалғасуда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізі 3-жылдық бюджет болып табылатын мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделі енгізілуде. Осыған байланысты 2007 жылы Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді. Осы тұжырымдама бағдарламалық құжаттарды әзірлеу мен мазмұнына жаңа көзқарастарды енгізуді, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру рәсімдерін сапалы қайта қарауды көздейді. Ағымдағы 2008 жылы үш пилотты әділет, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі элементтерін енгізу басталды.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен бюджет саласындағы реформалар шегінде ҚР орталық мемлекеттік органдары алғаш рет өздерінің стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын НББ қағидалары негізінде және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген және 2008 жылдың 25 наурызында Қазақстан республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес дайындайды. НББ және осы тұжырымдамаға байланысты рәсімдерді енгізу үшін ҚР мемлекеттік органдары НББ қағидалары мен талаптарын айқын түсінуі қажет. Ол үшін НББ негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі кешенді әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу, оқу тренингтерін жүргізу, енгізілетін жүйелердің тиімді жұмыс істеуіндегі әрбір мемлекеттік органның рөлі мен орны туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ҚР Мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларының жобалары мынадай құрылымда жасалуға тиіс:

1. Миссия және көрініс

2. Ағымдағы жағдайды талдау

3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

4. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері

5. Бюджеттік бағдарламалар

 Курстық жұмыс / 46 бет



Comments closed.